Аудан су тоғандарында балықтың "Аэромоноз" ауруы тіркелуіне байланысты карантин енгізу жайлы
ҚАЗАудан су тоғандарында балықтың "Аэромоноз" ауруы тіркелуіне байланысты карантин енгізу жайлы
Күшін жойған
Қаулы
·№ 159
·
қабылданған 23.07.2008
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Аудан су тоғандарында балықтың "Аэромоноз" ауруы тіркелуіне байланысты карантин енгізу жайлы
- Атауы (қаз.)
- Аудан су тоғандарында балықтың "Аэромоноз" ауруы тіркелуіне байланысты карантин енгізу жайлы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 159
- Қабылданған күні
- 23.07.2008
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2009 · қолданыстағы AI41293_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08CE000076
- ЭКБ идентификаторы
- 41293
- Редакция идентификаторы
- AI41293_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:03
0 Аудан су тоғандарында балықтың "Аэромоноз" ауруы тіркелуіне байланысты карантин енгізу жайлы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңының 10-бабы 2-тармағы 9) тармақшасы, 27-бабы мен ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2008 жылғы 18 шілдедегі N 3-4/332 ұсынысы негізінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Балықтардың "Аэромоноз" ауруы тіркелген су айдындарында карантиндік режим енгізіліп, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.
2 2. Карантиндік режим кезінде:
1 1) Бір су айдындарынан басқа су айдындарына балықтарды ауыстырып салуға;
2 2) аэромонозға бейім тұқым балықтарды түрлеріне және жастарына қарай араластырып салуға тиым салынсын.
3 3. Балық аулаумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен "Ырғыз- Торғай мемлекеттік табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесіне өздеріне бекітілген су тоғандарында іс шаралар жоспарына сәйкес санитариялық тазалық жұмыстарына, ауру балықтарды көмуді ұйымдастыруға тиісті қызметтерге қолдау көрсету ұсынылсын.
4 4. Карантиндік режим балықтардың ауруының соңғы тіркелгенінен бір жыл өткеннен және ветеринариялық-санитариялық шаралар кешені толық өткізілгеннен кейін алынсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Қосаяқовке тапсырылсын.
6 6. Қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.ДУАНБЕКОВ