Қолданыстағы ред. 26.08.2009 (Редакция AI41418_1.kaz)

Алмалы ауылдық округіндегі "Тал-тал" қыстағындағы қой-ешкі малынан туындаған сарып ауруына қарсы шектеу шараларын қою туралы от 26.08.2008 г. № 1167 (Алмалы ауылдық округіндегі "Тал-тал" қыстағындағы қой-ешкі малынан туындаған сарып ауруына қарсы шектеу шараларын қою туралы)

0

Алмалы ауылдық округіндегі "Тал-тал" қыстағындағы қой-ешкі малынан туындаған сарып ауруына қарсы шектеу шараларын қою туралы
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағын және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 18)-тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Алмалы ауылдық округіндегі "Тал-тал" қыстағындағы қой-ешкі малдарынан сарып ауруының туындауына байланысты, сарып ауруына қарсы шектеу шаралары қойылсын.

2

2. Сарып ауруынан айықтыру мақсатында ветеринариялық-санитарлық және медициналық шараларды жүзеге асыру ісі "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сарқан аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне тапсыру ұсынылсын (келісім бойынша).

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Әлібаевқа жүктелсін.

4

4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.