Құжат мәтініне өту

Об утверждении Стандарта оказания государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Специального государственного архива Комитета национальной безопасности Республики Казахстан"

Бұйрық · № 107 · қабылданған 30.07.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-41501/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Стандарта оказания государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Специального государственного архива Комитета национальной безопасности Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 107 ·30.07.2008
25.08.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Стандарта оказания государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Специального государственного архива Комитета национальной безопасности Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 107 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Стандарта оказания государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Специального государственного архива Комитета национальной безопасности Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
107
Қабылданған күні
30.07.2008
Көрсетілген редакция
25.08.2011 AI41501_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005302_
ЭКБ идентификаторы
41501
Редакция идентификаторы
AI41501_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:01

0 "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес және "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.

2 2. Бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының басшы және жедел құрамы таныстырылсын.

3 3. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан бастап 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

0 "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының 2008 жылғы
30 шілдедегі N 107
бұйрығымен бекітілген
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Стандарт - мемлекеттік қызмет көрсетудің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы мемлекеттік мұрағатынан (бұдан әрі - АММ) шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою тәртібін белгілейді.

2 2. Берілген мемлекеттік қызмет түрі: ішінара автоматтандырылған.

3

3. ҚР ҰҚК Арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабы , "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетулердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулысы 95-тармағының, "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысының негізінде жүргізіледі. P100745 қараңыз

4

4. ҰҚК АММ-нан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Орталық арнайы мемлекеттік мұрағаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органдарының Арнайы мемлекеттік мұрағаттарында жүргізіледі (бұдан әрі - ҰҚК аумақтық органдарының АММ).

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқтау нысаны жеке және заңды тұлғаларға олардың өтініштері бойынша апостиль қойылған мұрағаттық анықтамаларды, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру болып табылады.

6 6. ҚР ҰҚК АММ-нан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою ҰҚК АММ-на хабарласқан барлық жеке тұлғалар үшін, сондай-ақ олардың өкілдері арқылы заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) тиісті өтініштері бойынша жүргізіледі.

7 7. ҰҚК АММ-нан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою кезіндегі уақытты шектеу мерзімдері:

1 1) тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырған кезінен бастап - жұмыс күні ішінде;

2 2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтуге кететін ең көп уақыт - 30 минут;

3 3) апостиль қойылған құжаттарды алу кезінде кезек күтетін ең көп уақыт - 30 минут;

8 8. Ресми құжаттарға апостиль қойдыру үшін "Салықтар және бюджетке бөлінетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес бір айлық есептік көрсеткішінің 20%-ы көлемінде мемлекеттік баж салығы алынады.

9 9. ҰҚК АММ-нан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою тәртібі туралы толық ақпарат ҰҚК-нің ресми Интернет сайтында бар. Мекен-жайы: www.knb.kz., "Маңызды сілтемелер" айдары.

10 10. ҰҚК АММ-нан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою күн сайын сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 15.00-дейін түскі үзілісті есептемегенде, сағат 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін, алдын ала жазылусыз жүзеге асырылады.

11 11. ҰҚК АММ шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі - ҰҚК) және оның аумақтық органдарының (бұдан әрі - ҰҚКД) ғимараттарында жүргізіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. ҰҚК АММ-нан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қойылған құжаттарды алу үшін тұтынушы (оның уәкілетті өкілі) жеке басын куәландыратын құжатын көрсетеді және мынадай құжаттарды:

1 1) апостиль қою үшін мемлекеттік баж салығы төленгені туралы түбіртекті;

2 2) тұтынушы тікелей қандай да бір себептермен өздері келе алмаған жағдайда уәкілетті адамға берілген нотариалды расталған сенімхатты;

3 3) заңды тұлға өкілдері үшін - заңда белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатты ұсынады.

13 13. ҰҚК АММ-нан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қойдыру үшін бланкілер толтыру талап етілмейді.

14 14. ҰҚК АММ-нан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қойдыру үшін тұтынушылар:

ҰҚК қабылдау бөлмесі арқылы Орталық ҰҚК АММ-ына;
ҰҚК департаменттерінің кезекшілік қызметтері арқылы (бұдан әрі - ҰҚКД кезекшілік қызметтері) аумақтық органдарының АММ-ына хабарласулары қажет.

15 15. Апостиль қоюға тиісті құжаттар мұрағаттық анықтамалар және мұрағаттық құжаттардың көшірмелері тіркелетін кітапта тіркеледі.

16 16. ҰҚК АММ-нан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою үшін тұтынушылардың жеке өздерінің ҰҚК қабылдау бөлмесі немесе ҰҚКД кезекшілік қызметтеріне келуі талап етіледі.

17 17. Тұтынушы осы мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 12 тармағындағы тізімде көрсетілген құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда ҰҚК АММ-нан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою тоқтатылады.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18 18. Әдептілік, толық ақпаратты беру, жеке және заңды тұлғалар құжаттарының сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысына баға беретін мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобы бекітеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

21

21. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қоюды жүзеге асыратын ҰҚК органдарындағы уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-қимылына (әрекетсіздігіне) шағымдану қажет болған жағдайда тұтынушылар өтініштерін ҰҚК қабылдау бөлмесі немесе ҰҚКД кезекшілік қызметтері арқылы бере алады.

22 22. Тұтынушылардың шағымдарын қабылдау және қарау Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" заңында белгіленген тәртіп пен мерзім бойынша жүзеге асырылады.

6 6. Байланыс ақпараты

23 23. ҰҚК Орталық АММ-ы мен аумақтық органдарының АММ-ның байланыс деректері осы Стандарттың 2-қосымшасында берілген.

24 24. ҰҚК қабылдау бөлмесінің немесе ҰҚКД кезекшілік қызметтерінің жұмыс уақыты:

сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа күн сайын, түскі үзіліспен 13.00-ден 15.00-дейін таңертеңгі сағат 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін.

1 Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

"Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің Арнайы
мемлекеттік мұрағатынан шығатын
мұрағаттық анықтамаларға және
мұрағаттық құжаттардың
көшірмелеріне апостиль қою
бойынша" мемлекеттік қызмет
көрсету Стандартына 1-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па мен қол же­тім­ді­лік
көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш-
тің
нор­ма­тив-
тік мәні
Көр­сет­кіш­тің
ке­ле­сі жы­л­ғы
мақ­сат­ты
мәні
Көр­сет­кіш-
тің есеп
бе­ру
жы­лын­да­ғы
күн­де­лік­ті
мәні
1
2
3
4
1. Дер­кез­ді­лі­гі
1.1. Құ­жат тап­сы­ры­л­ған
сәт­тен ба­стап бел­гі­лен­ген
мер­зім ішін­де қыз­мет
көр­се­ті­л­ген жағ­дай­лар %-ы
(үле­сі)
100%
100%
100%
1.2. 40 ми­нут­қа дей­ін
ке­зек­те қыз­мет көр­се­ту­ді
күт­кен тұ­ты­ну­шы­лар %-ы
(үле­сі)
-
-
-
2. Са­па­сы
2.1. Қыз­мет көр­се­ту
үде­рі­сі­нің са­па­сы­на
қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар
%-ы (үле­сі)
100%
100%
100%
2.2. Ла­у­а­зым­ды тұ­лға­лар­дың
құ­жат­тар­ды дұ­рыс ре­сім­деу
жағ­дай­ла­ры­ның (жа­сал­ған
ақ­ша ауда­ру­лар, есеп
ай­ы­ры­су­лар және т.б) %-ы
(үле­сі)
100%
100%
100%
3. Қол же­тім­ді­лік
3.1. Қыз­мет көр­се­ту­дің
тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­қа
және оның са­па­сы­на
қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар
%-ы (үле­сі)
100%
100%
100%
3.2. Тұ­ты­ну­шы­ның құ­жат­тар­ды
дұ­рыс тол­тыр­ған және бір­ден
тап­сыр­ған жағ­дай­ла­ры %-ы
(үле­сі)
100%
100%
100%
3.3. Ин­тер­нет ар­қы­лы
қол жет­кі­зе­тін ақ­па­рат­тың
қыз­мет көр­се­ту­ле­рі %-ы
(үле­сі)
-
-
-
4. Ша­ғым­да­ну үде­рі­сі
4.1. Осы қыз­мет тү­рі
бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ті­л­ген
тұ­ты­ну­шы­лар­дың жал­пы
са­ны­ның негіз­дел­ген
ша­ғым­да­ры %-ы (үле­сі)
-
-
-
4.2. Бел­гі­лен­ген мер­зім­де
қа­рас­ты­ры­л­ған және
қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған,
негіз­дел­ген ша­ғым­дар %-ы
(үле­сі)
-
-
-
4.3. Ша­ғым­да­ну­дың
қол­да­ны­лып жүр­ген тәр­ті­біне
қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар
%-ы (үле­сі)
-
-
-
4.4. Ша­ғым­дар­дың мер­зі­міне
қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар
%-ы (үле­сі)
-
-
-
5. Әдеп­ті­лік
5.1. Қыз­мет­кер­лер­дің
әдеп­ті­лі­гіне қа­на­ғат­тан­ған
тұ­ты­ну­шы­лар %-ы (үле­сі)
100%
100%
100%

2 ҰҚК Арнайы мемлекеттік мұрағатының байланыс деректері

"Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің Арнайы
мемлекеттік мұрағатынан шығатын
мұрағаттық анықтамаларға және
мұрағаттық құжаттардың
көшірмелеріне апостиль қою
бойынша" мемлекеттік қызмет
көрсету Стандартына 2-қосымша
ҰҚК Арнайы мемлекеттік мұрағатының байланыс деректері
N
р-р
Ар­найы мем­ле­кет­тік
мұ­ра­ғат­тар­дың ата­у­ла­ры
Ор­на­ла­су ме­кен­жайы
1.
ҚР ҰҚК Ор­та­лық
Ар­найы мем­ле­кет­тік
мұ­ра­ға­ты
Аста­на қа­ла­сы, Сы­ға­нақ кө­ше­сі,
20 ҰҚК қа­был­дау бөл­ме­сі­нің
те­ле­фо­ны: 76-10-42
2.
ҰҚК Ал­ма­ты қа­ла­сы
бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің
Ар­найы мем­ле­кет­тік
мұ­ра­ға­ты
Ал­ма­ты қа­ла­сы, Бай­за­қов кө­ше­сі,
275 а-ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің
те­ле­фо­ны: 242-49-81; 275-88-01
3.
ҰҚК Ақ­мо­ла об­лы­сы
бой­ын­ша
де­пар­та­мен­ті­нің
Ар­найы мем­ле­кет­тік
мұ­ра­ға­ты
Көк­ше­тау қа­ла­сы, Әу­е­зов кө­ше­сі,
155 ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің
те­ле­фо­ны: 25-28-54
4.
ҰҚК Ал­ма­ты об­лы­сы
бой­ын­ша
де­пар­та­мен­ті­нің
Ар­найы мем­ле­кет­тік
мұ­ра­ға­ты
Тал­ды­қор­ған қа­ла­сы, Жан­с­ү­гі­ров
кө­ше­сі 68/70 - ҰҚКД ке­зек­ші­лік
қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны: 60-55-04;
21-27-72.
5.
ҰҚК Ақ­тө­бе об­лы­сы
бой­ын­ша
де­пар­та­мен­ті­нің
Ар­найы мем­ле­кет­тік
мұ­ра­ға­ты
Ақ­тө­бе қа­ла­сы, Әй­те­ке би
кө­ше­сі, 25 ҰҚКД ке­зек­ші­лік
қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны: 21-91-91;
93-40-07.
6.
ҰҚК Аты­рау об­лы­сы
бой­ын­ша
де­пар­та­мен­ті­нің
Ар­найы мем­ле­кет­тік
мұ­ра­ға­ты
Аты­рау қа­ла­сы, Сәт­па­ев кө­ше­сі,
20 "А" ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің
те­ле­фо­ны: 27-12-76; 99-51-90.
7.
ҰҚК Шы­ғыс Қа­зақ­стан
об­лы­сы бой­ын­ша
де­пар­та­мен­ті­нің
Ар­найы мем­ле­кет­тік
мұ­ра­ға­ты
Өс­ке­мен қа­ла­сы, Пер­ме­тин кө­ше­сі,
15 ҰҚКД ке­зек­ші қыз­ме­ті­нің
те­ле­фо­ны: 26-13-13; 28-21-31.
8.
ҰҚК Шы­ғыс Қа­зақ­стан
об­лы­сы бой­ын­ша
де­пар­та­мен­ті­нің
Се­мей қа­ла­сын­да­ғы
бас­қар­ма­сы­ның Ар­найы
мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Се­мей қа­ла­сы, Ама­нов кө­ше­сі, 10
ҰҚКД ке­зек­ші қыз­ме­ті­нің
те­ле­фо­ны: 55-03-00; 52-24-77.
9.
ҰҚК Жам­был об­лы­сы
бой­ын­ша
де­пар­та­мен­ті­нің
Ар­найы мем­ле­кет­тік
мұ­ра­ға­ты
Та­раз қа­ла­сы, Кө­шек ба­тыр
кө­ше­сі, 7 ҰҚКД ке­зек­ші­лік
қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны: 45-74-83
10.
ҰҚК Ба­тыс Қа­зақ­стан
об­лы­сы бой­ын­ша
де­пар­та­мен­ті­нің
Ар­найы мем­ле­кет­тік
мұ­ра­ға­ты
Орал қа­ла­сы, С.Сей­фул­лин кө­ше­сі,
24 ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің
те­ле­фо­ны: 51-24-66; 98-81-66.
11.
ҰҚК Қа­ра­ған­ды
об­лы­сы бой­ын­ша
де­пар­та­мен­ті­нің
Ар­найы мем­ле­кет­тік
мұ­ра­ға­ты
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы, Бұ­қар-жы­рау
даң­ғы­лы, 17 ҰҚКД ке­зек­ші­лік
қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны: 41-04-48;
49-84-02.
12.
ҚР ҰҚК Қо­ста­най
об­лы­сы бой­ын­ша
де­пар­та­мен­ті­нің
Ар­найы мем­ле­кет­тік
мұ­ра­ға­ты
Қо­ста­най қа­ла­сы, Го­голь кө­ше­сі,
77 ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің
те­ле­фо­ны: 52-01-00.
13.
ҚР ҰҚК Қы­зы­лор­да
об­лы­сы және Бай­қо­ңыр
қа­ла­сы бой­ын­ша
де­пар­та­мен­ті­нің
Ар­найы мем­ле­кет­тік
мұ­ра­ға­ты
Қы­зы­лор­да қа­ла­сы, Д.Қо­на­ев
тұй­ы­ғы, 1 ҰҚКД ке­зек­ші­лік
қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны: 27-01-45.
14.
ҚР ҰҚК Маң­ғы­стау
об­лы­сы бой­ын­ша
де­пар­та­мен­ті­нің
Ар­найы мем­ле­кет­тік
мұ­ра­ға­ты
Ақ­тау қа­ла­сы, 24 - ша­ғын аудан,
3-үй ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің
те­ле­фо­ны: 42-02-42; 46-00-18.
15.
ҰҚК Пав­ло­дар об­лы­сы
бой­ын­ша
де­пар­та­мен­ті­нің
Ар­найы мем­ле­кет­тік
мұ­ра­ға­ты
Пав­ло­дар қа­ла­сы, Ака­де­мик
Бек­тұ­ров кө­ше­сі, 24
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің
те­ле­фо­ны: 55-38-08; 39-16-67.
16.
ҰҚК Сол­тү­стік
Қа­зақ­стан об­лы­сы
бой­ын­ша
де­пар­та­мен­ті­нің
Ар­найы мем­ле­кет­тік
мұ­ра­ға­ты
Пет­ро­па­вол қа­ла­сы, Кә­рім-Сү­ті­шев кө­ше­сі, 54
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің
те­ле­фо­ны: 46-34-03.
17.
ҚР ҰҚК Оң­тү­стік
Қа­зақ­стан об­лы­сы
бой­ын­ша
де­пар­та­мен­ті­нің
Ар­найы мем­ле­кет­тік
мұ­ра­ға­ты
Шым­кент қа­ла­сы, Қа­зы­бек-би
кө­ше­сі, 36
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің
те­ле­фо­ны: 55-04-10.

Қолданыстағы