Қолданыстағы ред. 11.07.2008 (Редакция AI41729_0.kaz)

Еңбекшіқазақ ауданының елді-мекендерінің шекарасын кеңейту туралы от 11.07.2008 г. № 15-2 (Еңбекшіқазақ ауданының елді-мекендерінің шекарасын кеңейту туралы)

0

Еңбекшіқазақ ауданының елді-мекендерінің шекарасын кеңейту туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің 2008 жылғы 10-шілдедегі N 7-2/900 хатының негізінде Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ауылшаруашылығы мақсатындағы көлемі 9649,38 га жер телімі елді-мекендер категориясының жерлеріне көшірілсін.
Есік қалалық аумағы - 1300,0 га;
Бөлек ауылдық аумағы - 226,0 га;
Көктөбе ауылдық аумағы - 266,06 га;
Түрген ауылдық аумағы - 303,44 га;
Қаракемер ауылдық аумағы - 215,0 га;
Маловодный ауылдық аумағы - 486,66 га;
Ақши ауылдық аумағы - 301,0 га;
Балтабай ауылдық аумағы - 1557,63 га;
Қырбалтабай ауылдық аумағы - 256,0 га;
Ташкенсаз ауылдық аумағы - 331,88 га;
Саймасай ауылдық аумағы - 474,8 га;
Ават ауылдық аумағы - 140,0 га;
Жанашар ауылдық аумағы - 305,0 га;
Бәйтерек ауылдық аумағы - 588,7 га;
Рахат ауылдық аумағы - 407,23 га;
Шелек ауылдық аумағы - 179,4 га;
Асы ауылдық аумағы - 385,56 га;
Қаражота ауылдық аумағы - 308,1 га;
Қазақстан ауылдық аумағы - 107,18 га;
Масақ ауылдық аумағы - 157,0 га;
Тескенсу ауылдық аумағы - 153,2 га;
Нұра ауылдық аумағы - 159,0 га;
Қаратұрық ауылдық аумағы - 507,28 га;
Қорам ауылдық аумағы - 151,75 га;
Октябрь ауылдық аумағы - 381,51 га.

2

2. Картографиялық материалдарға келістіріп жоғарыда көрсетілген ауылдық аумақтардың шекарасы 9649,38 га кеңейтілсін.

3

3. Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық бөлім тіркеу құжаттарына өзгеріс енгізсін.

4

4. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5

5. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бөлтірік Аусадықұлы Жақыповқа және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.