Жеке тұрғын үйлерді жылу
және ыстық сумен қамтамасыз
ету үшін газды пайдалану
нормасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі №400 «Монополистік-Кәсіпорындардың қызметінің бағасы мен тарифтерін мемлекеттік реттеудің қосымша шаралары туралы» қаулысына сәйкес және тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында, Мұнайлы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жеке тұрғын үйлерді жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін газды пайдалану нормасын бекіту туралы от 17.11.2008 г. № 200-қ (Жеке тұрғын үйлерді жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін газды пайдалану нормасын бекіту туралы)
1. Мұнайлы ауданы бойынша есептегіш құралдары жоқ болған уақытта және тұрғын үйлерді жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін, айына адамға газдың пайдалану нормасы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Е.К.Ізбергеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы Мұнайлы аудандық әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Мұнайлы аудандық тұрғын-үй
коммуналдық шаруашылығы
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________Қ.Чарқатбаев
«14» қараша 2008 ж.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2008 жылғы «17» қараша
№200-қ қаулысына 1-қосымша
Мұнайлы ауданы бойынша есептегіш құралдары жоқ болған уақытта және тұрғын үйлерді жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін, айына 5 адамға газдың пайдалану нормасы
ҚР СНиП 4.02-05-2001ж. келісілді «Жылу, желдеткіш және салқындатқыш».
Газдың жеке тұрғын үйлердегі 5 адамға 1 айға шаққанда жылу және ыстық суға шығындау нормасы:
№
Жылытатын ғимараттың көлемі, м2
Ені, м.
Ұзындығы, м.
Тәуліктік шығыны, м3
Айлық шығыны, м3
1
50-ге дейін
7,00
7,00
69,72
2091,6
2
50-ден 100-ге дейін
10,00
10,00
99,88
2996,4
3
100-ден 150 ге дейін
12,25
12,25
124,1
37,23
4
150-ден 200-ге дейін
14,14
14,14
145,55
4366,5
5
200-ден 250-ге дейін
15,80
15,80
165,27
4958,1
6
250-ден 300-ге дейін
17,32
17,32
184,04
5521,2
7
300-ден 350-ге дейін
18,71
18,71
201,81
6054,3
8
350-ден 400-ге дейін
20,00
20,00
218,81
6564,3
9
400-ден 450-ге дейін
21,21
21,21
235,21
7056,3
10
450-ден 500-ге дейін және жоғары
22,3
22,35
251,06
7531,8