Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандартов оказания государственных услуг через центры обслуживания населения

Бұйрық · № 307 · қабылданған 17.11.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-43794/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении стандартов оказания государственных услуг через центры обслуживания населения Күшін жойған Бұйрық ·№ 307 ·17.11.2008
30.03.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандартов оказания государственных услуг через центры обслуживания населения

Күшін жойған Бұйрық ·№ 307 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандартов оказания государственных услуг через центры обслуживания населения
Атауы (қаз.)
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
307
Қабылданған күні
17.11.2008
Көрсетілген редакция
30.03.2010 AI43794_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005509_
ЭКБ идентификаторы
43794
Редакция идентификаторы
AI43794_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:35

0 Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы

"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысының 2-тармағын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамасын беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.

2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап 14 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"Келісілген"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Б.Ә. Мұхаметжанов __________
2008 жыл

0 Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты "Халыққа қызмет көрсету орталықта тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру"

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2008 жылғы 17 қарашадағы
N 307 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты "Халыққа қызмет көрсету орталықта тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру"

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Бұл стандарт халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мүдделі мемлекеттік органдарға және өзге де сатыларға анықтамалар ұсыну үшін мекен-жай бюроларының сауал берген адамдардың тұрақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы туралы анықтамаларды беру (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны жартылай автоматтандырылған. Қызмет автоматтандырылған ақпараттық жүйені де (бұдан әрі - ААЖ), алфавиттік-анықтамалық картотеканы да пайдалана отырып көрсетіледі.

3

3. Мемлекеттік қызмет "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

4 4. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Алматы және Астана қалаларының ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) құрылымдық бөлімшелері, мекен-жай бюролары (бұдан әрі - мекен-жай бюросы) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрі - Орталық) баламалы негізде көрсетеді.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны мекен-жай анықтамасын беру болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1 1) құжаттарды рәсімдеу мерзімі уәкілетті органға қажетті құжаттар келіп түскен күніне бастап 5 күнтізбелік күн;

2 2) кезекте күту уақыты 30 минуттан кем емес.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін ұсынылады.

9

9. Осы стандарттың 25-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының ішкі істер департаменттерінің веб-сайттарында Мемлекеттік қызмет көрсету тәртіптері туралы толық ақпараттары орналастырылады.
Сондай-ақ, осы стандартқа қоса берілген 1-қосымшасында тізбесі көрсетілген орталықтар ресми ақпарат көздерінде және мекен-жай бюросының бөлмелерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.

10 10. Мемлекеттік қызмет көрсету түскі үзіліссіз сағ. 9.00-ден 20.00-ге дейін бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, жексенбіні қоспағанда, аптасына алты күн ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тез қызмет көрсетусіз, "электронды" кезекке тұру тәртібімен жүзеге асырылады.

11 11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтамалық бюро, күту орындары, толтырылған бланктер үлгісі бар ақпараттық стенділер орналасқан.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар:

1 1) өтініш;

2 2) жеке тұлғалар - жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін ұсынады;

Құжаттар пакетін қабылдау кезінде Орталық қызметкері көшірменің түпнұсқамен түпнұсқалығын салыстырады және өтініш берушіге түпнұсқаны қайтарады.

3 3) заңды тұлғалар – сауал жіберуші бөлімше басшысының (қызметкерінің) қолы қойылған және заңды тұлғаның кеңсесінде тіркелген жазбаша сауалын ұсынады.

Құжаттар пакетін қабылдау кезінде Орталық қызметкері көшірменің түпнұсқамен түпнұсқалығын салыстырады және өтініш берушіге түпнұсқаны қайтарады.

13 13. Өтініш бланкілері күту залындағы арнайы тіреулерде немесе Орталықтың консультанттарында болады.

14 14. Құжаттарды қабылдау "терезелердің" мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналасқан "терезелер" арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

15 15. Тұтынушыға:

1 1) сауалды қабылдау нөмірі және мерзімі;

2 2) сұратылған мемлекеттік қызметтер түрі;

3 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4 4) құжаттарды беру мерзімі (уақыты) мен орны;

5 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

16 16. Тұтынушыға дайын құжаттарды беруді Орталықтың инспекторы жеке басын куәландыратын құжатты не нотариалды куәландырылған сенімхатты ұсынуы бойынша қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде "терезелер" арқылы жүзеге асырады.

17

17. Уәкілетті орган құжаттарды ресімдеуде қателіктер тапқан кезде, осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған немесе құжаттар тиісінше ресімделмеген, сондай-ақ ұсынылған құжаттар түпнұсқаға сай келмеген кезде құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оларды бас тарту себептерін жазбаша негіздемемен Орталыққа қайтарады.
Орталық құжаттар пакетін қабылдаған соң, тұтынушыға бір жұмыс күні ішінде хабарлайды және уәкілетті органның бас тарту себебі туралы жазбаша негіздемесін ұсынады.
Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде жүгінбеген жағдайларда, Орталық оларды 1 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органдарға береді.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18 18. Орталықтардың қызметі мынадай қағидаларға негізделеді:

1 1) адамның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау;

2 2) қызметтік борышын өтеу кезіндегі заңдылықты сақтау;

3 3) әдептілік;

4 4) жеткілікті және толық ақпаратты ұсыну;

5 5) ақпаратты қорғау және құпиялылығы.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа қоса беріліп отырған 2-қосымшаға сәйкес сапа мен қол жеткізу көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да субъектілердің жұмысы бағаланатын Мемлекеттік қызмет сапасы мен оған қол жеткізу көрсеткіштерінің мақсатты мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

21 21. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы немесе, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не жұмыс күндері Орталықтың кеңсесі арқылы қолдан қабылданады.

22 22. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына қатысты наразылық болған жағдайда, шағым Орталық директорының немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі басшылығының атына беріледі.

23 23. Қабылданған шағым Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және заңнамада белгіленген мерзімде қаралады.

Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс.

6 6. Байланыс ақпараты

24 24. Орталық директорының жұмыс және қабылдау кестесі Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады.

Орталықтың байланыс телефондары ресми ақпарат көздерінде, Орталықтың бөлмелерінде орналасқан стенділерде көрсетіледі.

25 25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, N 35 көшесі, N 8 үй, http://www. minjust.kz., Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Манас көшесі 4, веб-сайт: www.mvd.kz.

1 "Халыққа қызмет көрсету орталықта

тұрғылықты жерінен мекен-жай
анықтамаларын беру" туралы мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына 1-қосымша
N р/c
Ор­та­лық­тар­дың ата­уы
Ор­та­лық­тар­дың ор­на­лас­қан ме­кен-жай­ла­ры
Те­ле­фон нө­мір­ле­рі
1
Аста­на қа­ла­сы Ал­ма­ты ауда­ны­ның N 1 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Аста­на қ., Жұ­ба­нов көш., үй 2
37-02-06
2
Аста­на қа­ла­сы Ал­ма­ты ауда­ны­ның N 2 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Аста­на қ., 70 "а" көш.
40-65-62
3
Аста­на қа­ла­сы Са­ры­ар­қа ауда­ны­ның N 1 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Аста­на қ., Пуш­кин көш., 97 үй
37-70-65
4
Аста­на қа­ла­сы Са­ры­ар­қа ауда­ны­ның N 2 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Аста­на қ., 81 көш., 85 үй
372-07-13
5
Ал­ма­ты қа­ла­сы Ал­ма­лы ауда­ны­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Ал­ма­ты қ., Бө­ген­бай ба­тыр көш., 221 үй
263-82-51
6
Ал­ма­ты қа­ла­сы Түрк­сiб ауда­ны­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Ал­ма­ты қ., Зор­ге көш., 9 үй
234-09-64
7
Ал­ма­ты қа­ла­сы Бо­стан­дық ауда­ны­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Ал­ма­ты қ., Ход­жа­нов көш., 9 үй
293-40-66
8
Қөк­ше­тау қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Қөқ­ше­тау қ., Әу­е­зов көш., 189 "а" үй
40-10-76
9
Ақ­тө­бе қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Ақ­тө­бе қ., Тур­ге­нев көш., 109 үй
576-57-87
10
Тал­ды­қор­ған қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Тал­ды­қор­ған қ., Тәу­ел­сіз­дік, көш. 67 "б" үй
24-41-33
11
Аты­рау қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Аты­рау қ., Бай­мұ­ха­нов көш., 16 үй
35-75-76
12
Орал қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Орал қ., Жам­был көш., 81 үй
28-25-27
23-65-45
13
Та­раз қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Та­раз қ., Қой­гел­ді көш., 158 "а" үй
43-84-14
14
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы­ның N 1 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Қа­ра­ған­ды қ., Мұ­қа­нов көш., 5 үй
77-26-63,
15
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы­ның N 2 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Қа­ра­ған­ды қ., Қа­зы­бек би ауда­ны, Чка­лов көш., 7 үй
41-63-10
16
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы­ның N 3 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Қа­ра­ған­ды қ., Ок­тябрь ауда­ны, 21 ша­ғын ауд., 67 үй
42-72-60(іш.137)
17
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы­ның N 4 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Те­мір­тау қ., Блю­хер көш., 23 үй
98-65-87
18
Қо­ста­най қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Қо­ста­най қ., Та­ран көш., 114 үй
53-44-84
19
Қы­зы­лор­да қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Қы­зы­лор­да қ.,  Мұ­рат­ба­ев көш., н/ж
23-08-06
20
Ақ­тау қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Ақ­тау қ., 15 ша­ғын ауд., 67 "б" үй
31-85-14
21
Шым­кент қа­ла­сы­ның N 1 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Шым­кент қ., Мә­де­лі Қо­жа көш, н/с
21-48-43
22
Шым­кент қа­ла­сы­ның N 2 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Шым­кент қ., Мә­де­лі Қо­жа көш, н/с
21-46-79
23
Пав­ло­дар қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Пав­ло­дар қ., Пав­лов көш., 48 үй
33-47-35
24
Пет­ро­павл қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Пет­ро­павл қ., Әу­е­зов көш., 157 үй
33-26-48
25
Өс­ке­мен қа­ла­сы­ның N 1 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Өс­ке­мен қ., Бе­лин­ский көш., 37 "а" үй
22-24-28
26
Өс­ке­мен қа­ла­сы­ның N 2 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Өс­ке­мен қ., Уша­нов көш., 99/1 үй
55-24-78
27
Өс­ке­мен қа­ла­сы­ның N 3 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Се­мей қ., 408-ші квар­тал, 21 үй
33-55-93

2 Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

"Халыққа қызмет көрсету орталықта
тұрғылықты жерінен мекен-жай
анықтамаларын беру" туралы мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына 2-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па мен қол же­тім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш­тің нор­ма­тив­тік мәні
Көр­сет­кіш­тің ке­ле­сі жы­л­ғы ны­са­на­лы мәні
Көр­сет­кіш­тің есеп­тік жыл­да­ғы ағым­да­ғы мәні
1. Уа­қы­ты­лы­ғы
1.1. құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап бел­гі­лен­ген мер­зім­де қыз­мет көр­се­ту­ді ұсы­ну оқи­ға­ла­ры % (үле­сі)
95%
80%
1.2. қыз­мет алу үшін ке­зек­те 40 ми­нут­тан ас­пай­тын уа­қыт күт­кен тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
90%
50%
2. Са­па
2.1. қыз­мет көр­се­ту­лер­ді ұсы­ну про­це­сі­нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
90%
70%
2.2. құ­жат­тар дұ­рыс ре­сім­дел­ген жағ­дай­ла­ры (жүр­гі­зі­л­ген тө­лем­дер, есеп ай­ы­ры­су­лар және т.б.) % (үле­сі)
95%
85%
3. Қол же­тім­ді­лік
3.1. қыз­мет көр­се­ту­лер­ді ұсы­ну тәр­ті­бі ту­ра­лы са­па­ға және ақ­па­рат­қа қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
80%
60%
3.2. тұ­ты­ну­шы­лар құ­жат­тар­ды дұ­рыс тол­тыр­ған және бі­рін­ші тап­сыр­ған оқи­ға­лар­дың % (үле­сі)
80%
45%
3.3. Ин­тер­нет ар­қы­лы қол же­тім­ді қыз­мет көр­се­ту­лер­дің, ақ­па­рат­тар­дың % (үле­сі)
50%
40%
4. Ша­ғым­да­ну про­це­сі
4.1. қыз­мет көр­се­ту­дің осы тү­рі бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ті­л­ген тұ­ты­ну­шы­лар­дың жал­пы са­ны­мен негіз­дел­ген ша­ғым­дар­дың % (үле­сі)
0,1%
0,3%
4.2. бел­гі­лен­ген мер­зім­де қа­рал­ған және қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған негіз­ді ша­ғым­дар­дың % (үле­сі)
95%
70%
4.3. ша­ғым­да­ну­дың қол­да­ны­с­та­ғы тәр­ті­бі­мен қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
85%
75%
4.4. ша­ғым­да­ну мер­зі­мі­мен қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
95%
60%
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. қыз­мет­кер­лер­дің сы­пай­ы­лы­лы­ғы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар % (үле­сі)
90%
70%

Қолданыстағы