Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандартов оказания государственных услуг через центры обслуживания населения

Бұйрық · № 321 · қабылданған 26.11.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-43795/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении стандартов оказания государственных услуг через центры обслуживания населения Күшін жойған Бұйрық ·№ 321 ·26.11.2008
30.03.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандартов оказания государственных услуг через центры обслуживания населения

Күшін жойған Бұйрық ·№ 321 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандартов оказания государственных услуг через центры обслуживания населения
Атауы (қаз.)
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
321
Қабылданған күні
26.11.2008
Көрсетілген редакция
30.03.2010 AI43795_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005510_
ЭКБ идентификаторы
43795
Редакция идентификаторы
AI43795_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:31

0 Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы

"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 Заңының 9-1-бабына сәйкес "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысының 2-тармағын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мұрағаттық анықтамаларды беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.

2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап 14 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"Келісілген"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
М.А. Құл-Мұхаммед
2008 жыл

1 Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2008 жылғы 26 қарашадағы
N 321 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Бұл стандарт халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы - заңдық күші бар және оның негізінде құжатты іздеудің деректерін көрсете отырып сауалдың мәні туралы құжаттық ақпаратты қамтитын Мұрағаттық анықтама беру тәртібін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) айқындайды.

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттік қызмет "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының, "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4 4. Мемлекеттік қызметті мемлекеттік мұрағаттық мекемелер (бұдан әрі - мемлекеттік мұрағат) оларда сақталатын құжаттар негізінде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы баламалы негізде көрсетеді.

5 5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны мұрағаттық анықтама беру болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімі:

1 1) құжаттарды рәсімдеу мерзімі мемлекеттік мұрағаттық мекеме кеңсесінде құжаттардың тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні мерзімі ішінде;

2 2) қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған ерекше жағдайларда мемлекеттік мұрағаттық мекеме басшысы, не уәкілетті тұлға өтінішті қарау мерзімін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, ол туралы 3 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарланады.

3 3) кезекте күту уақыты 30 минуттан кем емес.

8 8. Мемлекеттік қызмет "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Заңының 17-бабы , 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, ақысыз көрсетіледі.

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат тізбесі осы стандартқа қоса берілген 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және орталықтардың веб-сайттарында, сондай-ақ ақпараттың ресми көздері және орталықтардың бөлмелерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.
Сондай-ақ тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген орталықтардың бөлмелерінде орналасқан стендтерде немесе ақпараттың ресми көздерінде орналастырылады.

10 10. Мемлекеттік қызмет түскі үзіліссіз сағ.9.00-ден 20.00-ге дейін бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, жексенбіні қоспағанда, аптасына алты күн ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тез қызмет көрсетусіз, "электронды" кезекке тұру тәртібімен жүзеге асырылады.

11 11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтамалық бюро, күту орындары, толтырылған бланктер үлгісі бар ақпараттық стендтер орналасқан.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Тұтынушылар мемлекеттік қызметті алу үшін мыналарды ұсынады:

1 1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі қоса берілетін өтініш;

2 2) үшінші тұлғалар туралы дербес деректері бар мәліметтер алу үшін өтінушінің өкілеттігін растайтын құжаттар қосымша беріледі.

13 13. Өтініштер бланкілері күту залындағы арнайы тіреулерде немесе Орталықтың консультанттарында болады.

14 14. Құжаттарды қабылдау "терезелердің" тағайындалуы мен орындайтын міндеттері туралы ақпарат орналасқан "терезелер" арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ Орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі және лауазымы көрсетіледі.

15 15. Тұтынушыға:

1 1) сауалдың нөмірі мен қабылдау мерзімі;

2 2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрі;

3 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

4 4) құжаттарды беру мерзімі (уақыты) мен орны;

5 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

16 16. Тұтынушыға дайын құжаттарды беруді Орталықтың инспекторы қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде "терезелер" арқылы жүзеге асырады.

17 17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тартылуы мүмкін.

Уәкілетті орган құжаттарды ресімдеу кезінде қателіктерді анықтау, осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсыну немесе құжаттарды тиісінше ресімдемеу, сонымен қатар ұсынылған құжаттардың түпнұсқаларының болмауы кезінде үш жұмыс күні ішінде құжаттар пакетін қабылдағаннан кейін қайтару/бас тарту себебі туралы жазбаша негіздемемен Орталыққа қайтарады.
Орталық құжаттар пакетін қабылдаған соң, тұтынушыға бір жұмыс күні ішінде хабарлайды және уәкілетті органның кайтару/бас тартуға себебі туралы жазбаша негіздемесін ұсынады.
Егер тұтынушы өз мерзімінде құжаттарды алмаған жағдайда, Орталық оларды 1 ай мерзімде сақтай алады, одан кейін оларды уәкілетті органға тапсырады.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18 18. Орталықтардың қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

1 1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2 2) қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3 3) әдептілік;

4 4) жеткілікті және толық ақпаратты ұсыну;

5 5) ақпаратты қорғау және құпиялылығы.\

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік органның, мекеменің немесе мемлекеттік қызмет көрсететін басқа да субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және оған қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәнін арнайы құрылған жұмыс топтары жыл сайын бекітеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

21 21. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы, егер қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайларда электронды түрде немесе жұмыс күндері Орталықтың кеңсесі арқылы қолдан қабылданады.

22 22. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына қатысты наразылық болған жағдайда, шағым Орталық директоры немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі басшысының атына беріледі.

23 23. Қабылданған шағым Орталықтың ақпараттық есеп журналында тіркеледі және заңнамамен белгіленген мерзімде қаралады.

Заңнамамен бекітілген тәртіпте берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынып және қаралуға тиіс.

6 6. Байланыс ақпараты

24 24. Орталық директорының жұмыс және қабылдау кестесі Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Орталықтың байланыс телефондары ақпараттың ресми көздерінде, Орталықтың бөлмелерінде орналасқан стендтерде көрсетіледі.

25

25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, N 8 үй, http://www.minjust.kz веб-сайты., Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, N 8 үй, А - блогі, 15 - кіреберіс. Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 74-04-21, веб-сайты: http://www.sana.gov.kz.

2 "Халыққа қызмет көрсету орталықтары

арқылы мұрағаттық анықтамаларды беру"
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
1-қосымша
N р/с
Ор­та­лық­тар­дың ата­уы
Ор­та­лық­тар­дың ор­на­ла­су ме­кен-жай­ла­ры
Те­ле­фон­да­ры­ның нө­мі­рі
1
Аста­на қа­ла­сы Ал­ма­ты ауда­ны­ның N 1 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Аста­на қ., Жұ­ба­нов көш., үй 2
37-02-06
2
Аста­на қа­ла­сы Ал­ма­ты ауда­ны­ның N 2 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Аста­на қ., 70 "а" көш.
40-65-62
3
Аста­на қа­ла­сы Са­ры­ар­қа ауда­ны­ның N 1 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Аста­на қ., Пуш­кин көш., 97 үй
37-70-65
4
Аста­на қа­ла­сы Са­ры­ар­қа ауда­ны­ның N 2 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Аста­на қ., 81 көш., 85 үй
37-07-13
5
Ал­ма­ты қа­ла­сы Ал­ма­лы ауда­ны­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Ал­ма­ты қ., Бө­ген­бай ба­тыр көш., 221 үй
263-82-51
6
Ал­ма­ты қа­ла­сы Түрк­сiб ауда­ны­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Ал­ма­ты қ., Зор­ге көш., 9
үй
234-09-64
7
Ал­ма­ты қа­ла­сы Бо­стан­дық ауда­ны­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Ал­ма­ты қ., Ход­жа­нов көш., 9 үй
293-40-66
8
Көк­ше­тау қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Көк­ше­тау қ., Әу­е­зов көш., 189 "а" үй
40-10-76
9
Ақ­тө­бе қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Ақ­тө­бе қ., Тур­ге­нев көш., 109 үй
576-57-87
10
Тал­ды­қор­ған қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Тал­ды­қор­ған қ., Тәу­ел­сіз­дік, көш. 67 "б" үй
24-41-33
11
Аты­рау қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Аты­рау қ., Бай­мұ­ха­нов көш., 16 үй
35-75-76
12
Орал қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Орал қ., Жам­был көш., 81 үй
28-25-27
23-65-45
13
Та­раз қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Та­раз қ, Қой­гел­ді көш., 158 "а" үй
43-84-14
14
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы­ның N 1 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Қа­ра­ған­ды қ., Мұ­қа­нов көш., 5 үй
77-26-63,
15
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы­ның N 2 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Қа­ра­ған­ды қ., Қа­зы­бек би ауда­ны, Чка­лов көш., 7 үй
41-63-10
16
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы­ның N 3 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Қа­ра­ған­ды қ., Ок­тябрь ауда­ны, 21 ша­ғын ауд., 67 үй
42-72-60(вн.137)
17
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы­ның N 4 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Те­мір­тау қ., Блю­хер көш., 23 үй
98-65-87
18
Қо­ста­най қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Қо­ста­най қ., Та­ран көш., 114 үй
53-44-84
19
Қы­зы­лор­да қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Қы­зы­лор­да қ., Мұ­рат­ба­ев көш., н/с
23-08-06
20
Ақ­тау қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Ақ­тау қ., 15 ша­ғын ауд., 67 "б" үй
31-85-14
21
Шым­кент қа­ла­сы­ның N 1 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Шым­кент қ., Мә­де­лі-Қо­жа көш, н/с
21-48-43
22
Шым­кент қа­ла­сы­ның N 2 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Шым­кент қ., Мә­де­лі-Қо­жа көш, н/с
21-46-79
23
Пав­ло­дар қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Пав­ло­дар қ., Пав­лов көш., 48 үй
33-47-35
24
Пет­ро­павл қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Пет­ро­павл қ., Әу­ез­зов көш., 157 үй
33-26-48
25
Өс­ке­мен қа­ла­сы­ның N 1 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Өс­ке­мен қ., Бе­лин­ский көш., 37 "а" үй
22-24-28
26
Өс­ке­мен қа­ла­сы­ның N 2 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Өс­ке­мен қ., Уша­нов көш.., 99/1 үй
55-24-78
27
Өс­ке­мен қа­ла­сы­ның N 3 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Се­мей қ., 408-квар­тал, 21 үй
33-55-93

3 Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

"Халыққа қызмет көрсету орталықтары
арқылы мұрағаттық анықтамаларды беру"
Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па мен қол же­тім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш­тің нор­ма­тив­тік мәні
Көр­сет­кіш­тің ке­ле­сі жы­л­ғы ны­са­на­лы мәні
Көр­сет­кіш­тің есеп­тік жыл­да­ғы ағым­да­ғы мәні
1. Уа­қы­ты­лы­ғы
1.1. құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап бел­гі­лен­ген мер­зім­де қыз­мет көр­се­ту­ді ұсы­ну оқи­ға­ла­ры % (үле­сі)
95%
80%
1.2. қыз­мет алу үшін ке­зек­те ___ ми­нут­тан ас­пай­тын уа­қыт күт­кен тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
90%
50%
2. Са­па
2.1. қыз­мет көр­се­ту­лер­ді ұсы­ну про­це­сі­нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
90%
70%
2.2. ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ның құ­жат­тар­ды дұ­рыс ре­сім­деу (тір­кеу) жағ­дай­ла­ры % (үле­сі)
95%
85%
3. Қол же­тім­ді­лік
3.1. қыз­мет көр­се­ту­лер­ді ұсы­ну тәр­ті­бі ту­ра­лы са­па­ға және ақ­па­рат­қа қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
80%
60%
3.2. тұ­ты­ну­шы­лар құ­жат­тар­ды дұ­рыс тол­тыр­ған және бі­рін­ші тап­сыр­ған оқи­ға­лар­дың % (үле­сі)
80%
45%
3.3. Ин­тер­нет ар­қы­лы қол же­тім­ді қыз­мет көр­се­ту­лер­дің, ақ­па­рат­тар­дың % (үле­сі)
50%
40%
4. Ша­ғым­да­ну про­це­сі
4.1. қыз­мет көр­се­ту­дің осы тү­рі бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ті­л­ген тұ­ты­ну­шы­лар­дың жал­пы са­ны­мен негіз­дел­ген ша­ғым­дар­дың % (үле­сі)
0,1%
0,3%
4.2. бел­гі­лен­ген мер­зім­де қа­рал­ған және қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған негіз­ді ша­ғым­дар­дың % (үле­сі)
95%
70%
4.3. ша­ғым­да­ну­дың қол­да­ны­с­та­ғы тәр­ті­бі­мен қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
85%
75%
4.4. ша­ғым­да­ну мер­зі­мі­мен қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
95%
60%
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. қыз­мет­кер­лер­дің сы­пай­ы­лы­лы­ғы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар % (үле­сі)
90%
70%

4 Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2008 жылғы 26 қарашадағы
N 321 бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Бұл стандарт Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне қол қойған адамның қолының түпнұсқалығын, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба қою (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттік қызмет "Қазақстан Республикасының шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының , "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы , 1-тармағының 15) тармақшасының, "Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын Конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі N 545 қаулысының, "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.

4 4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Мұрағат және құжаттама басқармасы (бұдан әрі – уәкілетті орган) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрі-Орталық) арқылы баламалы негізде көрсетеді.

5 5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль мөртабанын қою болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімі:

1 1) құжаттарды рәсімдеу мерзімі уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;

2 2) кезекте күту мерзімі 30 минуттан кем емес.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 пайызды құрайтын мемлекеттік баж, жеткізу үшін пошталық шығыстар қосымша алынады.

Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасы банк мекемелері арқылы төленеді, төлем мөлшері мен күнін растайтын түбіртек беріледі.

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат осы стандартқа қоса берілген 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және орталықтардың веб-сайттарында, сондай-ақ ақпараттың ресми көздері және орталықтардың бөлмелерінде орналасқан стендттерде орналастырылады.
Сондай-ақ тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген орталықтардың бөлмелерінде орналасқан стендтерде немесе ақпараттың ресми көздерінде орналастырылады.

10 10. Мемлекеттік қызмет түскі үзіліссіз сағ.9.00-ден 20.00-ге дейін бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, жексенбіні қоспағанда, аптасына алты күн ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тез қызмет көрсетусіз, "электронды" кезекке тұру тәртібімен жүзеге асырылады.

11 11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталық ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтамалық бюро, күту орындары, толтырылған бланктер үлгісі бар ақпараттық стендтер орналасқан.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елге жіберілетін мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою үшін тұтынушы:

1 1) өтінішті;

2 2) мемлекеттік мұрағаттық мекемеге өтініш иесі сауалының көшірмесін;

3 3) тиісті сауалға мемлекеттік мұрағаттық мекеменің хатын (түпнұсқа);

4 4) апостиль қойылатын мемлекеттік мұрағаттық мекеменің беретін мұрағаттық анықтамасы (түпнұсқа) немесе мұрағаттық құжаттарының көшірмесін;

5 5) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі; құжаттар пакетін қабылдау кезінде Орталық қызметкері көшірменің түпнұсқамен телнұсқалылығын салыстырып, өтініш иесіне түпнұсқаны қайтарады;

6 6) мемлекеттік баж төлеу жөніндегі түбіртекті ұсынады.

13 13. Бланктер күту залындағы арнайы тіреулерде немесе Орталықтың консультанттарында болады.

14 14. Құжаттарды қабылдау "терезелердің" тағайындалуы мен орындайтын міндеттері туралы ақпарат орналасқан "терезелер" арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ Орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі және лауазымы көрсетіледі.

15 15. Тұтынушыға:

1 1) сауалдың нөмірі мен қабылдау мерзімі;

2 2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрі;

3 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

4 4) құжаттарды беру мерзімі (уақыты) мен орны;

5 5) құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

16 16. Тұтынушыға дайын құжаттарды беруді Орталықтың инспекторы қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде "терезелер" арқылы жүзеге асырады.

17 17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тартылуы мүмкін.

Уәкілетті орган құжаттарды ресімдеу кезінде қателіктерді анықтау, осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсыну немесе құжаттарды тиісінше ресімдемеу, сонымен қатар ұсынылған құжаттардың түпнұсқаларының болмауы кезінде үш жұмыс күні ішінде құжаттар пакетін қабылдағаннан кейін қайтару/бас тарту себебі туралы жазбаша негіздемемен Орталыққа қайтарады.
Орталық құжаттар пакетін қабылдаған соң, тұтынушыға бір жұмыс күні ішінде хабарлайды және уәкілетті органның қайтару/бас тартуға себебі туралы жазбаша негіздемесін ұсынады.
Егер тұтынушы өз мерзімінде құжаттарды алмаған жағдайда, Орталық оларды 1 ай мерзімде сақтай алады, одан кейін оларды уәкілетті органға тапсырады.

3 3. Жұмыстың қағидаттары

18 18. Орталықтардың қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

1 1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2 2) қызметтік борышын өтеу кезіндегі заңдылықты сақтау;

3 3) әдептілік;

4 4) жеткілікті және толық ақпаратты ұсыну;

5 5) ақпаратты қорғау және құпиялылығы.

4 4. Жұмыстың нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қолжеткізу көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік органның, мекеменің немесе мемлекеттік қызмет көрсететін басқа да субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа мен оған қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

21 21. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы, егер қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайларда электронды түрде немесе жұмыс күндері Орталықтың кеңсесі арқылы қолдан қабылданады.

22 22. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына қатысты наразылық болған жағдайда, шағым Орталық директоры немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі басшысының атына беріледі.

23 23. Қабылданған шағым Орталықтың ақпараттық есеп журналында тіркеледі және заңнамамен белгіленген мерзімде қаралады.

Заңнамамен бекітілген тәртіпте берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынып және қаралуға тиіс.

6 6. Қажетті ақпарат

24 24. Орталық директорының жұмыс және қабылдау кестесі Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Орталықтың байланыс телефондары ақпараттың ресми көздерінде, Орталықтың бөлмелерінде орналасқан стендтерде көрсетіледі.

25

25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, N 8 үй, http://www.minjust.kz веб-сайты., Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, N 8 үй, А-блогі, 15-кіреберіс. Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 74-04-21, веб-сайты: http://www.sana.gov.kz.

5 "Халыққа қызмет көрсету орталықтары

арқылы Қазақстан Республикасының
мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын
және шетелге жіберілетін мұрағаттық
анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың
көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына 1-қосымша
N р/с
Ор­та­лық­тар­дың ата­уы
Ор­та­лық­тар­дың ор­на­ла­су ме­кен-жай­ла­ры
Те­ле­фон­да­ры нө­мі­рі
1
Аста­на қа­ла­сы Ал­ма­ты ауда­ны­ның N 1 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Аста­на қ., Жұ­ба­нов көш., үй 2
37-02-06
2
Аста­на қа­ла­сы Ал­ма­ты ауда­ны­ның N 2 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Аста­на қ., 70 "а" көш.
40-65-62
3
Аста­на қа­ла­сы Са­ры­ар­қа ауда­ны­ның N 1 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Аста­на қ., Пуш­кин көш., 97 үй
37-70-65
4
Аста­на қа­ла­сы Са­ры­ар­қа ауда­ны­ның N 2 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Аста­на қ., 81 көш., 85 үй
37-07-13
5
Ал­ма­ты қа­ла­сы Ал­ма­лы ауда­ны­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Ал­ма­ты қ., Бө­ген­бай ба­тыр көш., 221 үй
263-82-51
6
Ал­ма­ты қа­ла­сы Түрк­сiб ауда­ны­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Ал­ма­ты қ., Зор­ге көш., 9
үй
234-09-64
7
Ал­ма­ты қа­ла­сы Бо­стан­дық ауда­ны­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Ал­ма­ты қ., Ход­жа­нов көш., 9 үй
293-40-66
8
Көк­ше­тау қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Көк­ше­тау қ., Әу­е­зов көш., 189 "а" үй
40-10-76
9
Ақ­тө­бе қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Ақ­тө­бе қ., Тур­ге­нев көш., 109 үй
576-57-87
10
Тал­ды­қор­ған қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Тал­ды­қор­ған қ., Тәу­ел­сіз­дік, көш. 67 "б" үй
24-41-33
11
Аты­рау қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Аты­рау қ., Бай­мұ­ха­нов көш., 16 үй
35-75-76
12
Орал қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Орал қ., Жам­был көш., 81 үй
28-25-27
23-65-45
13
Та­раз қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Та­раз қ, Қой­гел­ді көш., 158 "а" үй
43-84-14
14
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы­ның N 1 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Қа­ра­ған­ды қ., Мұ­қа­нов көш., 5 үй
77-26-63,
15
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы­ның N 2 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Қа­ра­ған­ды қ., Қа­зы­бек би ауда­ны, Чка­лов көш., 7 үй
41-63-10
16
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы­ның N 3 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Қа­ра­ған­ды қ., Ок­тябрь ауда­ны, 21 ша­ғын ауд., 67 үй
42-72-60(вн.137)
17
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы­ның N 4 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Те­мір­тау қ., Блю­хер көш., 23 үй
98-65-87
18
Қо­ста­най қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Қо­ста­най қ., Та­ран көш., 114 үй
53-44-84
19
Қы­зы­лор­да қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Қы­зы­лор­да қ., Мұ­рат­ба­ев көш., н/с
23-08-06
20
Ақ­тау қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Ақ­тау қ., 15 ша­ғын ауд., 67 "б" үй
31-85-14
21
Шым­кент қа­ла­сы­ның N 1 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Шым­кент қ., Мә­де­лі-Қо­жа көш, н/с
21-48-43
22
Шым­кент қа­ла­сы­ның N 2 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Шым­кент қ., Мә­де­лі-Қо­жа көш, н/с
21-46-79
23
Пав­ло­дар қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Пав­ло­дар қ., Пав­лов көш., 48 үй
33-47-35
24
Пет­ро­павл қа­ла­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Пет­ро­павл қ., Әу­ез­зов көш., 157 үй
33-26-48
25
Өс­ке­мен қа­ла­сы­ның N 1 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Өс­ке­мен қ., Бе­лин­ский көш., 37 "а" үй
22-24-28
26
Өс­ке­мен қа­ла­сы­ның N 2 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Өс­ке­мен қ., Уша­нов көш.., 99/1 үй
55-24-78
27
Өс­ке­мен қа­ла­сы­ның N 3 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы
Се­мей қ., 408-квар­тал, 21 үй
33-55-93

6 Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

"Халыққа қызмет көрсету орталықтары
арқылы Қазақстан Республикасының
мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын
және шетелге жіберілетін мұрағаттық
анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың
көшірмелеріне апостиль қою" Мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына 2-қосымша

Қолданыстағы