Аудан бойынша қоғамдық жұмыстар объектілерін белгілеу туралы
ҚАЗАудан бойынша қоғамдық жұмыстар объектілерін белгілеу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Аудан бойынша қоғамдық жұмыстар объектілерін белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Аудан бойынша қоғамдық жұмыстар объектілерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 49
- Қабылданған күні
- 04.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2010 · қолданыстағы 44871_184549.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09TH000144
- ЭКБ идентификаторы
- 44871
- Редакция идентификаторы
- 44871_184549
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:51
0 Аудан бойынша қоғамдық жұмыстар объектілерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42 бабын, 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 208 Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінің 30 бабын, Әділет министрлігінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 151 бұйрығымен бекітілген "Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқару туралы" Нұсқаулығын басшылаққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Соттардың үкімімен, қаулысымен сотталған адамдарға 2009 жыл ішінде қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін кәсіпорындар, шаруашылық пен кәсіпкерлік субъектілері (келісім бойынша) төмендегі көрсетілген қоғамдық жұмыс объектілері болып белгіленуге ұсынылсын:
1 1) "Серпер-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2 2) "Темірәлі-Тұрмыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
3 3) "Габдушов Миргали" жеке кәсіпкер.
2 2. Жоғарыда көрсетілген заңды тұлға басшыларына (келісім бойынша) жазасын өтеуге жіберілген азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. Аудандық қылмыстық-атқару инспекциясы (Каримов Б. - келісім бойынша) қоғамдық жұмыс объектілері басшыларымен және жергілікті округ әкімдерімен тығыз байланыста болып, қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазасын өтеу тәртібі жөнінде түсінік беру ұсынылсын.
4 4. Қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және ресми жарияланып күнтізбелік 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Каримов Бауыржан - аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының аға маман инспекторы;
Жүгінісов Болат - "Серпер-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
бастығы;
Теміралиев Еркебұлан - "Темірәлі-Тұрмыс" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің бастығы;
Габдушов Мергали - "Габдушов Мергали" жеке кәсіпкер.