Амангелді ауданының аумағында дәнді-дақылдарды егу жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңының 5-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Амангелді ауданының аумағында дәнді-дақылдарды егу жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы от 06.05.2009 г. № 103 (Амангелді ауданының аумағында дәнді-дақылдарды егу жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы)
0
1
1. Аманкелді ауданының аумағында дәнді-дақылдарды егу жұмыстарының басталуының оңтайлы мерзімі болып 2009 жылдың мамыр айының 15-і, ал аяқталуының оңтайлы мерзімі болып 2009 жылдың мамыр айының 31-і белгіленсін.
2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он (10) күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тәукеновке жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылығы Министрлігі
агроөнеркәсіп кешендегі инспекция
комитетінің Аманкелді аудандық
аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________________ Р. Қақанов