Қолданыстағы ред. 21.05.2009 (Редакция 46204_148998.kaz)

Шыңғырлау селолық округіндегі кейбір көшелер атауларын өзгерту туралы от 21.05.2009 г. № 70 (Шыңғырлау селолық округіндегі кейбір көшелер атауларын өзгерту туралы)

0

Шыңғырлау селолық округіндегі кейбір көшелер атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы"заңдарын басшылыққа ала отырып, Шыңғырлау ауылы тұрғындарының сұрауы бойынша және 2008 жылғы 13 ақпандағы N 1 Аудандық ономастикалық комиссия отырысының ұйғарымына сәйкес, ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Шыңғырлау селолық округіндегі көшелер атаулары төмендегі ретпен өзгертілсін:
Комсомольская көшесі - Бейбітшілік көшесіне;
Ленин көшесі – Достық көшесіне;
С. Киров көшесі – Тәуелсіздік көшесіне.

2

2. Осы шешімінің орындалуы Шыңғырлау селолық округі әкімі аппаратына жүктелсін.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.