Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Вопросы установления организациям, расположенным на территории области, минимального количества рабочих мест (квоты) для приема на работу лиц, особо нуждающихся в социальной защите

Өзге акт · № 106 · қабылданған 06.10.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4628/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Вопросы установления организациям, расположенным на территории области, минимального количества рабочих мест (квоты) для приема на работу лиц, особо нуждающихся в социальной защите Қолданыста 06.10.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Вопросы установления организациям, расположенным на территории области, минимального количества рабочих мест (квоты) для приема на работу лиц, особо нуждающихся в социальной защите

Қолданыста Өзге акт № 106 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Вопросы установления организациям, расположенным на территории области, минимального количества рабочих мест (квоты) для приема на работу лиц, особо нуждающихся в социальной защите
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін облыс аумағында орналасқан ұйымдарға жұмыс орындарының (квота) ең аз санын белгілеу мәселелері
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
106
Қабылданған күні
06.10.1999
Көрсетілген редакция
06.10.1999 4628_262113.kaz
Соңғы өзгеріс
06.10.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99U000094_
ЭКБ идентификаторы
4628
Редакция идентификаторы
4628_262113
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:53
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін облыс аумағында орналасқан ұйымдарға жұмыс орындарының (квота) ең аз санын белгілеу мәселелері

Қазақстан Республикасы "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Заңының 17 бабы, 2 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 855 "Әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшiн ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгiлеу мәселелерi" қаулысын орындау мақсатында:

1. Әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшiн Оңтүстiк Қазақстан облысы аумағында орналасқан ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгiлеу Ережесi бекiтiлсiн (қоса тiркеледi).

2. Аудан (қала) әкiмдерi, әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшiн, ұйымдардың меншiк нысанына қарамастан ең аз жұмыс орындары (квота) ұйымда жұмыс iстейтiн жұмысшылар санының 5 пайызынан аспауы керек.

3. Облыс әкiмшiлiгiнiң халықты жұмыспен қамту басқармасы

(Ж. Мәуленқұлов) аудандық (қалалық) халықты жұмыспен қамту мәселелерi
жөнiндегi уәкiлеттi органдарының халықты жұмыспен қамту бөлiмдерiнiң
әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж адамдарды квота бойынша жұмысқа орналастыру
жөнiндегi жұмысын ұйымдастырсын және үйлестiрсiн халықты жұмыспен қамту
жөнiндегi заңдылықтардың бұзылу фактiлерiн жою туралы 2000 жылдың
1 қаңтарынан бастап әр тоқсан сайын облыс әкiмшiлiгiне ақпарат берiп
тұрсын.

4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары

Т.К. Дүйсеноваға жүктелсiн.

5 Облыс әкiмiнiң

1999 жылғы 7 қазандағы
№ 106 шешiмiне қосымша
Әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж адамдарды жұмысқа
қабылдау үшiн Оңтүстiк Қазақстан облысы аумағында
орналасқан ұйымдарға жұмыс орындарының (квота)
ең аз санын белгiлеудiң тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар Жарлығына, Қазақ КСР-iнiң әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiне және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылдың 25 маусымындағы № 855 "Әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшiн ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгiлеу мәселелерi" қаулысына сәйкес әзiрлендi.

1. Жалпы ережелер

1. Әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж адамдарды жұмыспен қамтуға және оларды жұмысқа қабылдауға жәрдем көрсету мақсатында меншiк нысанына қарамастан ұйымдарға жұмыс орындарының ең аз саны (бұдан әрi - квота) белгiленедi. Жұмыс орындары (квота) - бұл әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдауға арналған ұйымдардағы жұмыс орындарының үлесi.

2. Әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж адамдар санатына Қазақстан Республикасының "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағында көрсетiлген азаматтар жатады.

2. Квоталарды белгiлеудiң шарттары мен тәртiбi

3. Квота туралы нақты ұсыныстарды, жұмыс күшiне сұранымды және ұсынымды талдаудың, болжаудың негiзiнде аудандық /қалалық/ жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар - халықты жұмыспен қамту бөлiмдерi әзiрлейдi.

4. Аудан /қала/ әкiмдерi жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар - халықты жұмыспен қамту бөлiмдерi ұсынған ұсыныстардың негiзiнде тиiстi шешiмдерiмен өз аумағында орналасқан ұйымдарға әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж адамдарды қабылдау үшiн жұмыс орындарына квота және оны енгiзу мерзiмiн белгiлейдi, ол мерзiм жұмыс берушiнi квотаны енгiзу туралы хабардар ету үшiн жеткiлiктi болуға тиiс және бiр айдан аспауы керек. Квоталарды белгiлеу кезiнде әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж адамдардың жасы және жыныстық құрамы, мамандығы мен бiлiктiлiк деңгейi, сондай-ақ ұйымдардағы қызмет түрi, жұмыс тәртiбi, сипаты мен әлеуметтiк-тұрмыстық еңбек жағдайы ескерiледi.

5. Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар қабылданған шешiм туралы жұмыс берушiлердi квотаны енгiзуден бiр ай бұрын хабардар етедi.

6. Квота мөлшерi жыл сайын кемiнде бiр жыл мерзiмге белгiленедi.

7. Жұмыс берушiлер белгiленген квотаға сәйкес Қазақстан Республикасының "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағында көрсетiлген санаттарын жұмысқа орналастыру үшiн қажеттi жұмыс орындарын ашады немесе бөледi.

8. Квота бойынша жұмыс орындарына орналастыру Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарының - халықты жұмыспен қамту бөлiмдерiнiң жолдамасы бойынша жүргiзiледi.

3. Жұмыс берушiлердiң әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж адамдардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудегi мiндеттерi және жауапкершiлiктерi

9. Жұмыс берушiлер жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органы жолдаған азаматтарды әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж адамдарға арналған квотаға сәйкес жұмысқа қабылдауға мiндеттi.

10. Белгiленген квоталардың шеңберiнде құрылған немесе бөлiнген, босаған жұмыс орындары туралы ақпаратты жұмыс берушiлер ұйымдарға белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес, олар пайда болған күннен бастап үш күн мерзiм iшiнде аудандық (қалалық) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарына - халықты жұмыспен қамту бөлiмдерiне ұсынуға мiндеттi.

11. Жұмыс берушiлер тоқсан сайын аудандық (қалалық) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарына - халықты жұмыспен қамту бөлiмдерiне квотаның есебiне бөлiнген жұмыс орындарын толықтыру жөнiнде ақпарат бередi.

12. Аудан (қала) әкiмдерiнiң жұмыс орындарын квоталау туралы шешiмiн орындамаған немесе әлеуметтiк қорғауға мұқтаж азаматтарды жұмысқа орналастырудан жалтарған жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

13. Квотаның есебiнен бөлiнген жұмыс орындарын толықтыруды бақылауды аудандық (қалалық) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдары - халықты жұмыспен қамту бөлiмдерi және аудандық (қалалық) жұмыспен қамту қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдардың инспекциясы жүзеге асырады.