Құжат мәтініне өту

Об организации социальных рабочих мест

Қаулы · № 495 · қабылданған 05.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46510/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об организации социальных рабочих мест Күшін жойған Қаулы ·№ 495 ·05.06.2009
01.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации социальных рабочих мест

Күшін жойған Қаулы ·№ 495 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации социальных рабочих мест
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
495
Қабылданған күні
05.06.2009
Көрсетілген редакция
01.01.2010 AI46510_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VS000099
ЭКБ идентификаторы
46510
Редакция идентификаторы
AI46510_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:58

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-4) тармақшасы, 18-1 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген, Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасы) іске асыру мақсатында, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықтың мақсатты топтарынан азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындар (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындар) ұйымдастырылсын.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындар алты ай мерзімге дейін ұйымдастырылады.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындар меншік нысанына тәуелсіз, кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда ұйымдастырылады (бұдан әрі – жұмыс беруші).

4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарды құруды «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-мен (бұдан әрі - Бөлім) келісім-шарт негізінде жұмыс беруші жүзеге асырады.

5 5. Жұмыспен қамту Бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыссызға төленетін еңбекақы бойынша жұмыс берушінің шығындары Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінен елу пайыз көлемінде жергілікті бюджет қаражатынан жартылай өтеледі.

6 6. «Жол картасы» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған мақсатты топтардағы азаматтардың орташа еңбекақы көлемі 30 000 теңгені құрайды, оның ішінде 15 000 теңге Республикалық бюджет қаражаттары есебінен, 15000 теңге жұмыс берушінің қаражаты есебінен.

7 7. Еңбек жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған мақсатты топтардағы азамат пен жұмыс беруші арасында жасалған еңбек шартымен анықталады.

8 8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі ресми ұсыныстардың түсуіне қарай кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

9 9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енеді және 2009 жылғы 01 маусымнан бастап туындаған қатынастарға тарайды.

10 10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары М.Е.Желдібаевқа жүктелсін.

Қолданыстағы