Құжат мәтініне өту

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығын бекіту туралы

Қаулы · № 50 · қабылданған 05.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 29.11.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-46967/?version=AI46967_1.kaz
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығын бекіту туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 50 ·05.06.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығын бекіту туралы

ҚАЗӘлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығын бекіту туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 50 · қабылданған 05.06.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығын бекіту туралы
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
50
Қабылданған күні
05.06.2009
Көрсетілген редакция
29.11.2011 · қолданыстағы AI46967_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
29.11.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VE000094
ЭКБ идентификаторы
46967
Редакция идентификаторы
AI46967_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:58

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығын бекіту туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 149 Заңының 4, 5, 7, 12-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148 санды Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14)-тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығы бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Н. Жүнісжановқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы ресми жарияланған соң 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру НҰСҚАУЛЫҒЫ

Абай аудан әкімдігінің
2009 жылғы 5 маусымдағы
№ 50 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
НҰСҚАУЛЫҒЫ

1 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1

1. Осы Нұсқаулықта жұмыссыздарды және халықтың нысаналы топтан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыруын белгілейді, негізгі жағдайларды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен (меншік түріне қарамастан) есеп айрысу мақсатында жасалған.

2 2. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:

- әлеуметтік жұмыс орны – жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жұмысқа алынған жұмысшылардың еңбек ақысына жұмсалған шығынды бөлшемді өтеумен халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды бар кәсібі мен мамандығына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен ұсынылған жұмыс орны.
- мақсатты топтар – «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен, жергілікті атқарушы органдармен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындықтар көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін адамдар тобы.

3

3. Осы нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23- қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14)-тармақшаларына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңының 4, 5-баптарына сәйкес әзірленді.

4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан азаматтарға Қазақстан Республикасындағы еңбек, зейнетақымен қамту және сақтандыру жөніндегі заңнамалық актілер қолданысқа жатады.

2 2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ

5 5. Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілердің жазбаша келісімі бойынша мекемелердің (кәсіпорындардың) тізбесін және оған нысаналы топтан жұмыспен қамтылмағандарды және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарының санын белгілейді.

6 6. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтардың еңбек төлемінің бөлшемді өтелуі шартқа сәйкес жұмыспен қамту мәселесі жөнінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүзеге асырылады.

7 7. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін нысаналы топтан жұмыссыздарға және жұмыспен қамтылмағандарға ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі іріктеу жүргізеді.

8 8. Жұмыс беруші жұмыссыздарды және жұмыспен қамтылмаған адамдарды «Әлеуметтік жұмыс орындарына» ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырады, жолдаманың үзінді талонын толтырады және оны жұмыспен қамту орталығының мекен жайына жібереді.

9 9. Азаматтарды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдағанда жұмыс беруші онымен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісілген мерзімге еңбек шарт (контракт) жасайды.

10 10. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру ауданның жергілікті атқарушы органымен шарт негізінде жұмыс берушімен жүзеге асырылады. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері мен көлемі, еңбекақының мөлшері мен шарттары және әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері болуы тиіс.

3 3. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ

11 11. Әлеуметтік жұмыс орнына нысаналы топтан қабылданған жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемі ай сайын жұмыс беруші өз қаражаттарынан жеке еңбек шартының жағдайларына сәйкес және орындалатын жұмыстың көлеміне, сапасына және қиындығына байланысты жүзеге асады.

12 12. Әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтан жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмағандардың төленетін еңбек төлеміне заңнамада белгіленген тәртіпте салық салынады.

13 13. Әлеуметтік жұмыс орнына нысаналы топтан орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемі нақтылы орындалған жұмыс көлеміне жүргізіледі.

4 4. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА БАҚЫЛАУ ЖАСАУ

14 14. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін сақтауға бақылау жасау заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар жүзеге асырады.