Қолданыстағы ред. 14.02.2025 (Редакция I47010_1.kaz)

Нысаналы топқа жататын азаматтардың қосымша тізбесін белгілеу туралы от 24.06.2009 г. № 198 (Нысаналы топқа жататын азаматтардың қосымша тізбесін белгілеу туралы)

0

Нысаналы топқа жататын азаматтардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 2-тармақ 5-бабының нормаларын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 264 қаулысын іске асыру үшін, сонымен бірге 2009 жылы 13 маусымда жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен жұмысы жоқ азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Нысаналы топқа жататын азаматтардың қосымша тізбесі белгіленсін:
2009 жылы 13 маусымда жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен жұмысы жоқ азаматтар.

2

2. Осы қаулының орындалуын бақылауды қала әкімінің орынбасарлары Гүлмира Баяхметқызы Маупашеваға, Геннадий Иванович Савиновқа, Әсет Серікұлы Қанағатовқа жүктелсін.

3

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.