Қолданыстағы ред. 18.06.2009 (Редакция 47014_213629.kaz)

Балтабай селолық округіндегі Балтабай селосы көшелерінің атауын өзгерту туралы от 18.06.2009 г. № 79 (Балтабай селолық округіндегі Балтабай селосы көшелерінің атауын өзгерту туралы)

0

Балтабай селолық округіндегі Балтабай селосы көшелерінің атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабын, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі N 3 келісімін және ауыл тұрғындарының 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 3 хаттамасын және тұрғындар өтінішін басшылыққа алып, округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай селосындағы:
"Северная" атындағы көшенің атауы "Желтоқсан";
"Алматинская" атындағы көшенің атауы "Д.Қонаев";
"МТФ-2" атындағы көшенің атауы "Азаттық";
"Заречная" атындағы көшенің атауы "Теректі";
"Комарова" атындағы көшенің атауы "Бостандық";
"Табачная" атындағы көшенің атауы "Тәуелсіздік";
"Калинина" атындағы көшенің атауы "Алатау";
"2-Новостроевская" атындағы көшенің атауы "Көктем";
"5-Новостроевская" атындағы көшенің атауы "Береке";
"4-Новостроевская" атындағы көшенің атауы "Ынтымақ";
"40-лет Победы" атындағы көшенің атауы "Жеңіс";
"Школьная" атындағы көшенің атауы "Мектеп";
"Советская" атындағы көшенің атауы "Кеңес";
"Садовая" атындағы көшенің атауы "Алмалы" атындағы көшесі деп өзгертілсін.

2

2. Тиісті қызмет көрсететін мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелерге Балтабай ауылындағы атауы өзгертілген көшелер таныстырылсын.

3

3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау, округ әкімінің орынбасары Сауле Базарбайқызы Алиповаға жүктелсін.
4.Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.