Қолданыстағы ред. 10.08.2009 (Редакция 47722_213631.kaz)

Еңбекшіқазақ ауданының елді-мекендерінің шекарасын өзгерту туралы от 10.08.2009 г. № 29-7 (Еңбекшіқазақ ауданының елді-мекендерінің шекарасын өзгерту туралы)

0

Еңбекшіқазақ ауданының елді-мекендерінің шекарасын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің 2009 жылғы 10-маусымдағы N 7-1/902 және 7 тамыздағы N 7-1/1224 хаттарының негізінде, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ават селолық округтегі Ават ауылының жанындағы бос жатқан 15 га және Рахат селолық округтегі Азат ауылының бос жатқан 10 га, Қайназар ауылының бос жатқан 4 га жер телімі елді-мекендер категориясының жерлеріне көшірілсін.

2

2. Картографиялық материалдарға келістіріп жоғарыда көрсетілген ауылдық аумақтардың шекарасы 29 га өзгертілсін.

3

3. Еңбекшіқазақ аудандық жер қатынастары бөлімі тіркеу құжаттарына өзгеріс енгізсін.

4

4. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бөлтірік Аусадықұлы Жақыповқа және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5

5. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.