Қолданыстағы ред. 28.08.2009 (Редакция 47807_162690.kaz)

Атасу кенті Қарауылтөбе көшесіне еңбек ардагері Баян Халетұлы Күжікеновтың атын беру туралы от 28.08.2009 г. № 268 (Атасу кенті Қарауылтөбе көшесіне еңбек ардагері Баян Халетұлы Күжікеновтың атын беру туралы)

0

Атасу кенті Қарауылтөбе көшесіне еңбек ардагері Баян Халетұлы Күжікеновтың атын беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" N 45 Қаулысының, 2007 жылғы 12 наурыздағы аудандық ономастикалық комиссияның N 8 ұйғарымы негізінде аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Атасу кентінің Қарауылтөбе көшесіне еңбек ардагері Б. Күжікенов аты берілсін.

2

2. Жаңаарқа аудандық Мәслихатының 2007 жылғы 22 қарашадағы ІV-сессиясының "Атасу кентінің Қарауылтөбе көшесіне еңбек ардагері Баян Халетұлы Күжікеновтың атын беру туралы" N 4/36 шешімінің күші жойылсын.

3

3. Осы шешімнің орындалысын қадағалау аудандық Мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға тапсырылсын.

4

4. Осы бірлескен шешім мен қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.