Қолданыстағы ред. 14.09.2009 (Редакция 47967_165166.kaz)

Ауыл көшелеріне атау беру туралы от 14.09.2009 г. № 25 (Ауыл көшелеріне атау беру туралы)

0

Ауыл көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ынтымақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Ынтымақ ауылдық округіне қарасты:
Өркенді ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Шамғон, Қайсар;
Көрікті ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бостандық, Бейбітшілік, Тәуелсіздік, Жаңа дәуір, Ақсу, Сарыарқа, Құлшеке, Мелдеби, Жезбике ана Қоңырат;
Талапты ауылындағы атауы жоқ көшесіне Бәйдібек;
Ақниет ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Игілік, Ақши;
Үш көпір ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ақкөл, Қарақойлы, Қауыншы, Баймұрат;
Әден ата ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Диірмен, Достық, Болашақ, Иірлі деген атаулары берілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.