Қолданыстағы ред. 15.09.2009 (Редакция 48154_165061.kaz)

Ауыл көшелеріне атау беру туралы от 15.09.2009 г. № 29 (Ауыл көшелеріне атау беру туралы)

0

Ауыл көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Жамбыл ауылдық округіне қарасты:
Кеңесшіл ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Кемер, Нұртас, Жас ұлан, Ізгілік, Қызыл жаға, Низам, Игілік, Азат, Замана, Би, Сымбат, Саялы, Сабырлы;
Прогресс ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Жалын, Молшылық, Алға, Ырысты, Шамшырақ, Өрлітөбе, Барыс, Мейрам, Ұлағат, Ұлан, Шарайна;
Тегістік ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Көрікті, Қаратал, Нұрауыл, Мөлдіртас;
Абай ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Көкорай, Ақдала, Жазықсай, Кеңөлке, Шапағат деген атаулар берілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзіретіме қалдырамын.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.