Қолданыстағы ред. 15.09.2009 (Редакция 48190_165109.kaz)

Ауыл көшелеріне атау беру туралы от 15.09.2009 г. № 39 (Ауыл көшелеріне атау беру туралы)

0

Ауыл көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты:
Ынтымақ ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Көрікті, Бейбарыс, Баян сұлу, Достық, Астана, Отан, Әл-Фараби, Парасат;
Әбдіхалық ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Манап, Ақберген, Үшқоңыр, Ғаламшар, Әз Тәуке, Болашақ;
Мырзашөл ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бәйтерек, Еркеназ;
Жаңа ауыл ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Байқоңыр, Достар, Ұлы Жібек жолы, Қазығұрт;
Атақоныс ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Абылай, Қобыланды, Барыс, Думан, Баян ауыл;
Қарой ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ақ алтын, Ақмарал, Алатау, Бурабай деген атаулары берілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзіретіме қалдырамын.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.