Қолданыстағы ред. 17.09.2009 (Редакция 48218_165044.kaz)

Ауыл көшелеріне атау беру туралы от 17.09.2009 г. № 22 (Ауыл көшелеріне атау беру туралы)

0

Ауыл көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ш.Ділдабеков ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Ш.Ділдабеков ауылдық округіне қарасты:
Жамбыл ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Кемел, Мақта, Қасиет, Мейірім;
Жаңа дала ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Жемісті, Ізгілік, Жұлдыз, Береке, Үміт, Ырыс, Білім, Достық, Алғыс, Ақжол, Арман, Достар, Шаттық;
Сырбат ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Айбын, Думан, Абат, Ырысты, Керемет, Шырайлы, Дәулет, Нұр, Үштерек, Ынтымақ;
Күрішті ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Нұрлы, Көктем, Ақниет, Балдырған;
Жеңіс ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ақниет, Балдырған;
Достық ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Қайрат, Руханият, Теріскей, Қазына, Райхан;
Бірлік ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бастау, Болашақ, Алаш, Бірлік, Алмалы, Озат, Көрікті;
Кемер ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Келешек, Наурыз, Бағбан, Татулық, Азаттық, Табыс;
Зерделі ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бейбітшілік, Орталық, Тың, Беткей, Ақшам, Жаңа тұрмыс, Қайырым;
Байдала ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ақиқат, Ұйымшыл, Еңбек, Парасат, Шапағат;
Сұлу бұлақ ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Намыс, Құрмет, Ұқыптылық, Өнеге, Иман, Мейрам, Егемендік, Зерек, Жаңа ғасыр;
Қызыл таң ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ақжелкен, Балдаурен, Сүйінші, Бәйтерек, Жігер, Тазалық, Ақбұлақ деген атаулары берілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.