Қолданыстағы ред. 09.09.2009 (Редакция 48289_170781.kaz)

Қызылтау ауылдық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы от 09.09.2009 г. № 160/10 (Қызылтау ауылдық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы)

0

Қызылтау ауылдық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 1-тармағының 18)- тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңы 10-бабының 2-тармағының 9)-тармақшасына және 2009 жылғы 3 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қызылтау ауылдық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қойылсын.

2

2. Қызылтау ауылдық округі аумағына шектеу қойылуына байланысты малдардың енгізілуіне және шығарылуына тыйым салынсын.

3

3. Қызылтау ауылдық округі әкіміне және ауылдық округтің малдәрігерлік инспекторына (келісім бойынша) малдарды бруцеллез ауруын сауықтыру жөніндегі қажетті іс-шараларды орындасын.

4

4. Баянауыл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі "Қызылтау ауылдық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы" № 145/9 қаулысының күші жойылсын.

5

5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

6

6. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік саланы бағыттайтын аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Агроөнеркәсіптік
кешендегі мемлекеттік инспекция
комитетінің Баянауыл аудандық
аумақтық инспекциясының бастығы
Р.Д. Нургалиев
9 қазан 2009 жыл