Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О финансовой поддержке субъектов малого предпринимательства Западно-Казахстанской области

Өзге акт · № 246 · қабылданған 10.12.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4835/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О финансовой поддержке субъектов малого предпринимательства Западно-Казахстанской области Күшін жойған 10.12.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О финансовой поддержке субъектов малого предпринимательства Западно-Казахстанской области

Күшін жойған Өзге акт № 246 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О финансовой поддержке субъектов малого предпринимательства Западно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысының шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
246
Қабылданған күні
10.12.1999
Көрсетілген редакция
10.12.1999 4835_253313.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99Z0000089
ЭКБ идентификаторы
4835
Редакция идентификаторы
4835_253313
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:47
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Батыс Қазақстан облысының шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау туралы

📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 23.04.2001 № 110 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңын орындау және шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау туралы мемлекеттік саясатты іске асыру, олардың экономикалық өсуін ынталандыру, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған облыстық бюджет қаржысын тиімді пайдаланылуын арттыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Мыналар бекітілсін:

- шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау бағдарламасын облыстық бюджет қаржысы есебінен және басқа да осы мақсатқа қаралған көздерден қаржыландыру және шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу тәртібі туралы ереже (№ 1 қосымша)
- шағын кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарының тізбесі (№ 2 қосымша)
- шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау жөніндегі облыстық комиссиясының құрамы (№ 3 қосымша).

2. Комиссияның жұмысшы органы облыстық кәсіпкерлікті дамыту және қолдау департаменті болып белгіленсін.

3. Шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау жөніндегі комиссия мыналарды әзірлесін және бекітсін:

- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бюджет қаржысынан кредиттер берудің шекті сомасы мен мерзімін;
- екінші деңгейдегі банктермен кредиттік келісім;
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне банк қызметін көрсету жөнінде ашық конкурс өткізу тәртібі.

4. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.К. Алексеевке жүктелсін.

5 Бюджеттік қаржы мен осы мақсатқа қаралған өзге де қаражат көздері есебінен шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау бағдарламасын қаржыландыру және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру тәртібі

Облыс әкімінің
1999 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 246 шешіміне № 1 қосымша
Бюджеттік қаржы мен осы мақсатқа қаралған өзге де қаражат көздері есебінен шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау бағдарламасын қаржыландыру және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру тәртібі

1. Осы «Бюджеттік қаржы мен осы мақсатқа қаралған өзге де қаражат көздері есебінен шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау бағдарламасын қаржыландыру және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру тәртібі туралы ереже» (бұдан әрі Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандан жөніндегі шаралар туралы» 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3338 Жарлығына, Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» 1997 жылғы 19 маусымдағы № 131-1 Заңына сәйкес әзірленді және облыста шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытуға бөлінген бюджеттік қаржылардың, сондай-ақ бар көздерден осы мақсатқа бөлінген қаржыларды пайдалану негізгі ережелерін белгілейді.

2. Осы Ереже мыналарды айқындайды:

а) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (бұдан әрі Қарыз алушы) бюджеттік қаржы есебінен жеңілдікпен несие беру тәртібін, шарттарын, мерзімі мен тетіктерін;

б) екінші деңгейдегі өкілді банктермен (одан әрі - Банктер) бірлесіп, қарыз алушыларға қайтарымдылық негізінде қаржыландыру тәртібімен несие берудің шарттары;

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін облыстық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту Департаментімен (одан әрі - Департамент) және Банктер арасында Банктердің жыл сайын облыстық бюджеттер осы аталған мақсаттарға қаралған қаражаттар есебінен Қаржы алушыларға несие беру тәртібін белгілейтін тиісті келісім-шарт жасалып, қол қойылады.

3. Батыс Қазақстан облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарының тізіміне сәйкес Қарыз алушылардың жобаларына жеңілдікпен несие беру және бірге қаржыландыру қолданылып жүрген заңдарға орай шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен несие беру үшін ашық конкурстар жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

4. Қарыз алушыға бюджеттік қаражаттан несие берудің шекті мөлшері, мерзімі, сондай-ақ Қарыз алушыларға несие қызметін көрсетуге, Департамент пен Банктер арасында жасасатын келісімдердің жалпы шарттарын Шағын кәсіпкерлікке қаржылай қолдау қолдау көрсету жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) белгілейді.
Нақты жағдайға (экономикалық жағдай, инфляция қарқыны, Банктердегі қалыптасқан пайыздық ставкалар т.б.), сүйене отырып, комиссия бір қарыз алушыға берілетін несиенің шекті мөлшерін шектеуге құқылы.

5. Қарыз алушыларға жобаларын бірлесіп қаржыландыру үшін қайтарымдылық негізде бюджеттік қаражаттан жеңілдікпен несие беру, олар экономиканың басым салаларына өндірістік қызметпен, облыс үшін әлеуметтік маңызы зор қызметпен айналысқан жағдайда, сондай-ақ жұмыссыз азаматтарды еңбекпен қамтамасыз ету үшін жұмыс орындарын ашқан жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

6. Қарыз алушыларға несие ретінде бөлінген бюджеттік қаржы құрал-жабдықтар сатып алуға және айналымдағы қаражатты толықтыру үшін жұмсауы мүмкін.

7. Қарыз алушыларға несие ретінде бөлінген бюджеттік қаражатты еңбекақы мен бюджетке міндетті төлемдер бойынша қарыздарды өтеу үшін жұмсауға болмайды.

8. Департамент Комиссияның қарауына басым бағыттар тізіміне сәйкес жобаларды ұсынады. Комиссия құптаған жобалардың тізімін өз мәжілісінде бекітіп, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезегін белгілейді. Комиссияның шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді. Бекітілген жобалар тізімін Департамент өкілді банкке тапсырады.

9. Қарыз алушылар Банкке несиелер, бюджетке салықтар бойынша бережағы жоқ екендігін деректі негізде дәлелдеуге және банктің талабы бойынша жобаларын тиісті құжаттармен толықтыруға міндетті.

10. Қарыз алушылардың Банкке ұсынатын құжаттарға қойылатын талаптарды Банктер өздері қабылданған несие саясатына сай белгілейді.

11. Банк тапсырылған жобаларды қарап, әр Қарыз алушыдан талап етілетін құжаттарды толықтырған соң жобаны мақұлдайтыны немесе қабылдамайтындығы туралы шешім шығарады. Банк мақұлданған жобалар бойынша қаржыландыруға келіскендігі туралы Департаментке жазбаша түрде хабарлайды.

12. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін бөлінген бюджеттік қаржының мақсатты жұмсалу шарты орындалмаған жобаларды Департамент жетілдіру үшін Банкіге қайтарады, егер кемшіліктерді жою мүмкін болмаса, қабылдамайды.

13. Департамент пен Банк қолдаған жобалар бойынша Қаржы алушыларға 10 күн мерзім ішінде несие беруге қажетті құжаттар ресімделіп, несие шарты жасалады.

14. Қарыз алушыға бюджеттен жеңілдікпен берілетін несиенің пайыздық ставкасы, оның мөлшері мен мерзімі шектеунен жоғары бола алмайды.

15. Қарыз алушыларға бірлесіп қаржыландыру шартымен бюджеттен жеңілдікпен берілетін несиелер өзге кепілдемелер қамтамасыз етілген жағдайларда беріледі.

16. Жобаларды бірлесіп қаржыландырған жағдайда Департамент несие қаражатындағы өз үлесін бюджетті қаржы бойынша нөлдік ставка бойынша, ал Банкілер жоба құнының несие қаражатындағы өз үлесін несие шарты бойынша береді. Шағын кәсіпкерлікке несие беру үшін бөлінген бюджеттік қаржы берген үшін сыйақы Департамент пен несие шартында белгіленген шарттарға сәйкес бюджетке аударылады.

17. Бірлесіп қаржыландыру шартымен қаржыландырылады, жобалар бойынша Қарыз алушыға парыздық ставка Банкінің ставкаларына және жобаны бірлесіп қаржыландыруға қосқан үлесіне байланысты, бірақ Банкінің бірлесіп қаржыландырудағы үлесі Қарыз алушыға берілген несиенің жалпы сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.

18. Бірлесіп қаржыландыру шартымен Қарыз алушыға берілген несие үлесін Қарыз алушының келісімі бойынша Банк белгілейді.

19. Қарыз алушы несие қаражатын мақсатына сәйкес пайдаланбағандығын анықтаған жағдайда, Банк 3 күн мерзімде Департаментке бұл жағдай жөнінде хабарлайды.

20. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін облыстық бюджеттен бөлінген қаржыны облыстық қаржы басқармасы Несие беру жөніндегі Ереже бекітілген соң Департаменттің тапсырысы бойынша оның есеп шотына есептеп, комиссия қолдап, банктің сараптауынан өткен жобаның әрқайсысы бойынша банкіге аударып отырады. Несие ретінде пайдалану үшін бюджеттен бөлінген қаржыны Банк 15 күн мерзімде игермесе (алдын ала төлемі жүзеге асырылмаса, аккредитив ашылмаса, кепілдеме немесе вексель берілмесе, жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырыспаса) ақша қаражаты 5 банкілік күнде Департаменттің есеп шотына қайтарылуы тиіс. Банкілер ақша қаражатын Департамент шотына уақытылы қайтармаған, бөлінген бюджеттік қаржыны игермеген жағдайда қолданылатын санкциялардың көлемі Департамент пен Банк жасасқан Несие шартында белгіленеді.

21. Департамент Комиссияның қарауына шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі облыстық бағдарламаның шараларын қаржыландыру жөнінде ұсыныстар жасап отырады.

22. Комиссия Департаменттің ұсынысы бойынша шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі облыстық бағдарламада ескерілген іс-шараларды қаржыландыру туралы шешім қабылдайды.

23. Комиссия жеңілдікпен несие алуға ұсынылған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қарау нәтижелері туралы Департаменттің есебін тыңдап, бекітеді.

24. Комиссияның мәжілісі қажеттілігіне байланысты, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес өткізіліп отырады.

32 Батыс Қазақстан облысында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарының тізбесі

Облыс әкімінің
1999 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 246 шешіміне
№ 2 қосымша
Батыс Қазақстан облысында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарының тізбесі
*жоғары сапалы киім және тоқыма бұйымдар өндіру;
*жоғары сапалы мебель және өндіріске қажетті ұсақ материалдар өндіру;
*картон-қағаз өнімдерінің жаңа түрлерін шығару;
*мал шаруашылығын дамыту;
*ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, өңдеу және сақтау;
*алкогольсыз сусындар, тағамдық өнімдер мен оларды орауыш материалдар;
*дәрігерлік табиғи шикізаттар дайындау және өңдеу, сондай-ақ дәрі-дәрмектер, орауыш материалдар мен санитарлық-гигиеналық заттар өндіру;
* құрылыс материалдары мен конструкцияларына жергілікті шикізат базасы негізінде өнімдердің жетілдіру жаңа түрлерін өндіру;
*кәсіпкерлік инфрақұрылым саласында кәсіпорындар (консалтинг, аудиторлық, маркентингтік қызмет көрсету);
*қызмет көрсету саласын дамыту (тұрмыстық, полиграфлық, дәрігерлік ж.б.
*өнімдерінің жоғары экспорттық мүмкіндігі бар, ішкі сыртқы рыноққа бағытталған ғылыми жетілдірілген өндіріс технологияны дамытуға байланысты қызмет;
*ауыл шаруашылығы үшін жабдықтар шығару;
*өлшегіш техникалар өндіру.

33 Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау жөніндегі облыстық комиссияның құрамы

Облыс әкімінің
1999 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 246 шешіміне
№ 3 қосымша
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
1. В.К. Алексеев – комиссия төрағасы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
2. А.К.Нұғманов – комиссия төрағасының орынбасары, Кәсіпкерлікті қолдау және
дамыту департаментінің директоры
3. А.А. Ким – комиссия хатшысы, Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің
кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бастығы
Комиссия мүшелері:
4. А.Ш. Хамитов – облыстық қаржы басқармасының бастығы
5. Е.М. Жұмағалиев – облыстық экономика басқармасының бастығы
6. Б.І.Ізбасаров – Қазақстан Республикасы Ұлттық банктін облыстық басқармасының
бастығы
7. А.К. Ізтілеуов – Орал қаласы әкімінің орынбасары
8. Қ.Қ. Кенжеғалиев – облыстық коммуналдық басқармасының бастығы
9. Т.С. Сапаров – облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы
10. Ш.Ж. Махмудова – «Шағын бизнес орталығы» ассоциациясының директоры
11. Г.Т. Омаров – шаруа және фермерлік қожалықтар ассоциациясының директоры