Қолданыстағы ред. 15.10.2009 (Редакция 48675_217163.kaz)

Текелі қаласының көшелеріне атаулар беру туралы от 14.10.2009 г. № 14-126 (Текелі қаласының көшелеріне атаулар беру туралы)

0

Текелі қаласының көшелеріне атаулар беру туралы
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес, қалалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, бірлесе отырып Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Текелі қаласының "Достық" шағын ауданында жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер телімдерінің көшелеріне мынадай атаулар берілсін: N 1 көшесіне – Жастар, N 2 көшесіне – Наурыз, N 3 көшесіне – Самал.

2

2. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрайымы Н. Сибиряковаға және қала әкімінің орынбасары Г. Маупашеваға жүктелсін.

3

3. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қалалық
мәслихатының IV шақырылымындағы
кезекті ХV сессиясының
төрайымы
Л. Бирюкова