Қолданыстағы ред. 12.11.2009 (Редакция 49221_185236.kaz)

Жарсуат ауылдық округінде қарасан ауруына қарсы карантин қою туралы от 12.11.2009 г. № 268 (Жарсуат ауылдық округінде қарасан ауруына қарсы карантин қою туралы)

0

Жарсуат ауылдық округінде қарасан ауруына қарсы карантин қою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Облыстық зертхананың 10 қараша 2009 жылғы № 72 сараптау актісінде көрсетілгендей қарасан ауруының қоздырғышы табылуына байланысты Жарсуат селолық округі таза емес деп жарияланып, карантин қойылсын.

2

2. Жарсуат ауылдық округінде қарасан ауруының алдын–алу шаралары мақсатында Жарсуат ауылдық округінің әкіміне және аудандық аумақтық инспекциясына (келісім бойынша) төмендегі шараларды іске асыру тапсырылсын:

1

1) мал қорамдарының санитарлық жағдайын жақсарту және оны      қоршау жұмыстарын жүргізу. Қарасаннан өлген мал көмілген жерлердің топырағын залалсыздандыру;

2

2) балшықтанған жайылымдарды және шөп шабатын жерлерді құрғату;

3

3) суаттарды қалпына келтіру, мал су ішетін зақымданған, немесе күдікті суаттарды жабу;

4

4) мал союға, еріксізден сойылған мал етін және өнімдерін ветеринариялық маманның рұқсатынсыз сатуға тыйым салу;

5

5) өлген мал жатқан, ауру мал тұрған жерді, бөлмелерді, ауланы тазалау және дезинфекциялау;

6

6) 3 айдан 4 жас аралығындағы ірі қара малды қарасанға қарсы вакцинамен егу;

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Сәрсенғалиевқа жүктелсін.

4

4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он           күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.