Қолданыстағы ред. 18.11.2009 (Редакция 49450_148938.kaz)

Бірлік ауылдық округіне қарасты Ақбалшық, Үшкемпір елді-мекендеріне көше атауларын беру туралы от 18.11.2009 г. № 7 (Бірлік ауылдық округіне қарасты Ақбалшық, Үшкемпір елді-мекендеріне көше атауларын беру туралы)

0

Бірлік ауылдық округіне қарасты Ақбалшық, Үшкемпір елді-мекендеріне көше атауларын беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Бірлік ауылдық округіне қарасты Ақбалшық, Үшкемпір елді мекенінің тұрғындарының 22 қыркүйек 2009 жылғы жиналыс хаттамасының 2 қараша 2009 жылғы аудандық ономастикалық комиссиясының отырысының хаттамаларын қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылдық округіне қарасты Ақбалшық елді-мекеніне Ақбалшық көшесі, Үшкемпір елді-мекеніне Үшкемпір көшесі берілсін.

2

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

3

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды бас маман А. Сагингалиевке жүктеймін.