Қолданыстағы ред. 26.11.2009 (Редакция 49474_217116.kaz)

Талдықорған қаласының көшелеріне ат қою және олардың атын өзгерту туралы от 26.11.2009 г. № 27-871 (Талдықорған қаласының көшелеріне ат қою және олардың атын өзгерту туралы)

0

Талдықорған қаласының көшелеріне ат қою және олардың атын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Талдықорған қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Талдықорған қаласы батыс тұрғын ауданының көшелеріне келесі аттар қойылсын:
N 1 көшесіне - "Жібек жолы";
N 2 көшесіне - "Жазиралы";
N 3 көшесіне - "Сұлутөр";
N 4 көшесіне - "Ғалымдар";
N 5 көшесіне - "Беріктас";
N 6 көшесіне - "Ұстаздар";
N 7 көшесіне - "Қызылқайың";
N 8 көшесіне - "Қарлығаш";
N 9 көшесіне - "Қайыңды";
N 10 көшесіне - "Еркіндік";
N 11 көшесіне - "Ұлан";
N 12 көшесіне - "Ел аман";
N 13 көшесіне - "Ақындар";
N 14 көшесіне - "Арайлы";
N 15 көшесіне - "Ақтілек";
N 16 көшесіне - "Айнабұлақ";
N 17 көшесіне - "Қайнар";
N 18 көшесіне - "Жаңа арна".

2

2. Талдықорған қаласы шығыс тұрғын ауданының көшелеріне келесі аттар қойылсын:
N 1 көшесіне - "Ақтерек";
N 2 көшесіне - "Білім";
N 3 көшесіне - "Алмалыбақ";
N 4 көшесіне - "Салтанат";
N 5 көшесіне - "Айдарлы";
N 6 көшесіне - "Жылысай";
N 7 көшесіне - "Қарағайлы".

3

3. Талдықорған қаласы көшелерінің аттары өзгертілсін:
"Геологическая" көшесі - "Темірқазық" көшесіне;
"Железнодорожная" көшесі - "Теміржол" көшесіне;
"8 марта" көшесі - "8 наурыз" көшесіне;
"Набережная" көшесі - "Ақбастау" көшесіне;
"Юго-восточная" көшесі - "Күншығыс" көшесіне;
"Санаторная" көшесі - "Мәдениет" көшесіне;
"Южный" көшесі - "Оңтүстік" көшесіне;
"Заречная" көшесі - "Нұр" көшесіне;
"Мир" көшесі - "Әлем" көшесіне;
"Пролетарского" көшесі - "Жасталап" көшесіне;
"Победа" көшесі - "Жеңіс" көшесіне;
"Зеленая" көшесі - "Көгалды" көшесіне;
"Станционная" көшесі - "Алтын орда" көшесіне;
"Подгорная" көшесі - "Ойжайлау" көшесіне;
"Транспортная" көшесі - "Алмалы" көшесіне;
"Гвардейская" көшесі - "Бәйшешек" көшесіне;
"60 лет каз ССР" көшесі - "Өркениет" көшесіне;
"Индустриальная" көшесі - "Медеу" көшесіне;
"Космонавтов" көшесі - "Байқоңыр" көшесіне;
"Кольцевая" көшесі - "Алтын дән" көшесіне;
"Коммунальная" көшесі - "Мамыр" көшесіне;
"Дружба" көшесі - "Жаңа дәуір" көшесіне;
"Ключевая" көшесі - "Жаңа ғасыр" көшесіне;
"Молодежная" көшесі - "Жас ұлан" көшесіне;
Карл Марк көшесі - "Сақан Құсайынов" көшесіне.

4

4. "Талдықорған қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Қалиев) көшелерді атауы және оларды қайта атау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.

5

5. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Көлбаевқа және қалалық мәслихаттың жастармен жұмыс, халықтың денсаулығын қорғау, білім және мәдениет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Ғ. Әбішева).

6

6. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.