Қолданыстағы ред. 23.12.2009 (Редакция AI49750_0.kaz)

Нысаналы топтарды жұмыспен қамтитын мекемелер мен кәсіпорындар тізбесін бекіту туралы от 23.12.2009 г. № 1828 (Нысаналы топтарды жұмыспен қамтитын мекемелер мен кәсіпорындар тізбесін бекіту туралы)

0

Нысаналы топтарды жұмыспен қамтитын мекемелер мен кәсіпорындар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2010 жылға арналған нысаналы топтарды жұмыспен қамтитын мекемелер мен кәсіпорындар тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгіленсін.

3

3. Қала әкімдігінің 2009 жылғы 08 қаңтардағы № 169 «2009 жылға арналған нысаналы топтарды жұмыспен қамтитын мекемелер мен кәсіпорындар тізбесін бекіту туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-101 тіркелген, «Жаңаөзен» газетінің № 14 (1401) 2009 жылы 8 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4

4. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Сатыбалдиевке жүктелсін.

5

5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6

Қала әкімдігінің 2009 жылы
23 желтоқсандағы
№ 1828 қаулысына қосымша
2010 жылға арналған нысаналы топтарды жұмыспен қамтитын мекемелер мен кәсіпорындар тізбесі