Қолданыстағы ред. 21.12.2009 (Редакция 49876_161672.kaz)

Сотталған тұлғаларды қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаларын өтеу нысанын анықтау туралы от 21.12.2009 г. № 26/13 (Сотталған тұлғаларды қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаларын өтеу нысанын анықтау туралы)

0

Сотталған тұлғаларды қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаларын өтеу нысанын анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42 бабы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шет ауданы бойынша сотталған тұлғаларды қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаларын өтеу нысандары төмендегідей белгіленсін;

1

1) "Агадыртепло" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

2

2) "Электржабдықтау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

3

3) "Қызмет А" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;

4

4) "ШетКоммунСервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;

5

5) "Шетэнерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

6

6) "Nоvа-Цинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

7

7) "Бирлик" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

8

8) "Ардагер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

2

2. Анықталған нысандардың әкімшілігіне, ауданды көгалдандыру, жайластыру және санитарлық тазалау нысандарындағы қоғамдық жұмыстарды атқаруға сотталған тұлғаларды жүктеу ұсынылсын.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ю. Бекқожинге жүктелсін.

4

4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.