Қолданыстағы ред. 21.01.2010 (Редакция 50277_164167.kaz)

Көшеге ат қою туралы от 21.01.2010 г. № 35 (Көшеге ат қою туралы)

0

Көшеге ат қою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және ауыл тұрғындарының 2010 жылғы қаңтар айындағы жалпы жиналысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Шәуілдір ауылындағы аты жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері, "Отырар ауданының Құрметті азаматы" ауыл тұрғыны Ерсұлтан Аманбаев көшесі деп аталсын.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімінің орынбасары Қ.Ембергенге жүктелсін.

3

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.