Қолданыстағы ред. 06.01.2010 (Редакция 50526_273839.kaz)

Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы от 06.01.2010 г. № 2 (Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы)

0

Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған 2010 жылы жұмыссыз азаматтарға Меңдіқара ауданы әкімдігінің "Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сельхозэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесі бекітілсін.

2

2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде "Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жоғарыда аталған кәсіпорынмен көрсетілетін жұмыстар мен қызметтерді төлегенде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін есепке алу ұсынылсын.

3

3. Еңбегіне ақы төлеу мөлшері жалақының 1,25 ең аз мөлшерінде белгіленсін. Қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу жергілікті бюджеттің қаражатынан жүзеге асырылады.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.

5

5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Меңдіқара ауданы әкімдігінің
"Меңдіқара ауданының тұрғынүй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің "Сельхозэнерго" мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының директоры
______________ А. Гизбрехт
2010.01.06
"Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________ Н. Гулаков
2010.01.06
"Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________ С. Плотникова
2010.01.06

6