Қолданыстағы ред. 22.12.2009 (Редакция 50545_161719.kaz)

Бруцеллез індетіне қарсы шектеу қою туралы от 22.12.2009 г. № 22/04 (Бруцеллез індетіне қарсы шектеу қою туралы)

0

Бруцеллез індетіне қарсы шектеу қою туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа алып Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бап 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес, Ұлытау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 21 тамыз күнгі N 02-342 санды ұсынысы негізінде Терсаққан селолық округінде мүйізді ірі қара малдарынан бруцеллез індеті шығуына байланысты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Терсаққан селолық округі көлеміне ветеринариялық - санитариялық шектеу қойылсын.

2

2. Бруцеллез індетіне шалдыққан барлық жануарлар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 632 бұйрығымен бекітілген Жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша ветеринариялық - санитариялық және санитариялық - эпидемиологиялық Ережесінің талаптарына сәйкес жойылсын.

3

3. Шектеу шараларына байланысты жұмыстар аяқталғанға дейін селолық округ территориясынан арнайы рұқсатсыз ауыл шаруашылығы малдарын тірі алып шығуға шектеу қойылсын.

4

4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Т. Әбдікеровке жүктелсін.

5

5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.