Қолданыстағы ред. 19.02.2010 (Редакция 50847_163339.kaz)

Нүркен селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы от 19.02.2010 г. № 2 (Нүркен селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы)

0

Нүркен селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" N 281 қаулысына, Нүркен селолық округі тұрғындарының 2008 жылғы 10 ақпандағы N 011, 012, 013 хаттамаларына және аудан әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссияның 2008 жылғы 23 маусымындағы N 1/4 ұйғарымына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Ақсеңгір елді мекеніндегі N 1 көшесі - "Жасыл ел" көшесі деп;
Жалаңтөс елді мекеніндегі N 1 көшесі - "Ақ бидай" көшесі деп;
Жидебай елді мекеніндегі N 1 көшесі - "Бірлік" көшесі деп;
Қаратал елді мекеніндегі N 1 көшесі - "М. Шоқай" көшесі деп қайта аталсын.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3

3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.