Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени риска в области информатизации и связи

Бұйрық · № 65 · қабылданған 17.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-51039/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени риска в области информатизации и связи Күшін жойған Бұйрық ·№ 65 ·17.02.2010
31.08.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени риска в области информатизации и связи

Күшін жойған Бұйрық ·№ 65 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени риска в области информатизации и связи
Атауы (қаз.)
Ақпараттандыру және байланыс саласындағы тәуекелдік дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
65
Қабылданған күні
17.02.2010
Көрсетілген редакция
31.08.2011 AI51039_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006091_
ЭКБ идентификаторы
51039
Редакция идентификаторы
AI51039_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:01

0 Ақпараттандыру және байланыс саласындағы тәуекелдік дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

«Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармақшасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Бекітілсін:

1 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы тәуекелдік дәрежесін бағалау критерийлері;

2 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес байланыс саласындағы тәуекелдік дәрежесін бағалау критерийлері.

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс, Ақпараттық технологиялар департаменттеріне (Ә.Е. Баймұратов, Қ.Б. Елеусізова) заңнамалық белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің интернет-ресурсында орналасқанын қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің жауапты хатшысы Б.Ә. Маханбетәжиевке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

1 Ақпараттандыру саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі төрағасының
2010 жылғы 17 ақпандағы № 65
және Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 19 ақпандағы № 88
бірлескен бұйрығына 1-қосымшасы
Ақпараттандыру саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ақпараттандыру саласындағы тәукелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) «Жеке кәсiпкерлiк туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Критерийлер олар негізінде бағалауды және ақпараттандыру субъектілерін әр түрлі тәукелдер дәрежесіне жатқызуды жүзеге асыратын тәуекелдердің сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығын анықтайды.

3 3. Осы Критерийлерде мынадай түсініктер пайдаланылды:

1 1) тәуекел – ақпараттандыру субъектілерінің қызметі нәтижесінде жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің заңдық ықыласына зиян келтіру, олардың салмақты дәреже салдары есебімен, атап айтқанда:

электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде;
Қазақстан Республикасы аймағында пайдалануға рұқсат етілмеген компьютерлiк жүйе болып табылатын бақылау-касса машиналарын пайдалану есебінен жеке тұлғаларға немесе мемлекетке қаржылық зиян келтіру;

2

2) ақпараттандыру субъектілері (бұдан әрі - Субъектілер) – мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдастырылған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің иеленушілері, банктiк компьютерлiк жүйелердің иеленушi, ақпарат берушілердiң, кредиттiк бюролардың және кредиттiк есептердi алушылар, мемлекеттік ақпараттық ресурстар және ақпараттық жүйелердің иеленушілерi, Куәландырушы орталықтар, орталық және жергілікті атқарушы органдар.

4 4. Субъектілер бастапқы жоғары тәуекел дәрежесіне жатады.

5 5. Тексерістен кейін Субъектілер тәуекелдер дәрежесі бойынша Тәуекелдер дәрежесін бағалауды сапалық көрсеткіштеріне (бұдан әрі – Сапалық көрсеткіштер) сәйкес бөлінеді және олар бар болғанда тиісті балл беріледі, осы Критерийлер қосымшасына сәйкес.

6 6. Егер Субъекттің іс-әрекеті немесе іс-әрекетсіздігі бірнеше Сапалық көрсеткіштер қимылына ұшыраса баллдар қосылады.

7 7. Сапалық көрсеткіштер бойынша баллдар жалпы қорытындыны анықтау үшін қосылады.

8 8. Жалпы қорытынды нәтижесі Субъектілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша дифференциациялау үшін пайдаланылады.

9 9. Субъектілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша дифференциациялау келесі бейнеде жүзеге асырылады:

жоғары тәуекел тобына 20 және одан көбірек балл алған Субъектілер жатады;
орташа тәуекел тобына – 11-ден 20 баллға дейін;
төмен тәуекел тобына – 0-ден 10 баллға дейін

10 10. Тәуекелдің бір тобы ішінде Субъектілерді таңдап алу ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келесі принциптер бойынша жүзеге асырылады:

1 1) ең үлкен тексерілмеген мерзімі (тексерілмеген мерзімді анықтауда жоспардан тыс тақырыптық тексірістер есепке алынбайды);

2 2) ең үлкен баллдар сомасы;

3 3) ақпараттық жүйелер және ақпараттық ресурстар саны.

1.0 Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық көрсеткіштері

Ақпараттандыру саласындағы
тәуекелдер дәрежесін бағалау
критерийлерге қосымша
Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық көрсеткіштері

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Заң­да­ры және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің қа­улы­ла­ры­мен бел­гі­лен­ген та­лап­тар­дың бұ­зы­луы
Бал­дар­ды бе­ру шар­тта­ры
Балл­дар
ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету са­ла­сын­да­ғы көр­сет­кіш­тер
1
Жа­бық және қыз­мет­тік ақ­па­рат­тар­ға рұқ­сат­сыз қол жет­кі­зу
ия
20
жоқ
0
2
Ақ­па­рат­ты крип­то­гра­фи­я­лық қор­ғау құ­рал­да­рын заң­сыз қол­да­нуы
ия
20
жоқ
0
3
Ку­әлан­ды­ру ор­та­лы­ғы­ның жа­бық кiл­тiнiң ком­про­ме­та­ци­я­сы
ия
20
жоқ
0
4
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ақ­па­рат­тық ре­сур­ста­рын­да ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік бой­ын­ша кү­дік­ті­лік бар бо­луы
ия
20
жоқ
0
5
Мем­ле­кет­тік емес ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ді мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­мен ық­пал­да­сты­ру бой­ын­ша та­лап­тар­ды бұ­зу
ия
20
жоқ
0
6
Ку­әлан­ды­ру ор­та­лы­ғы­ның қыз­ме­тіне қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­меу
ия
20
жоқ
0
7
Элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар мен ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ді пай­да­ла­ну тәр­ті­бін бұ­зу
ия
10
жоқ
0
8
Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша ұй­ым­дық және нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­лар жоқ­тығы
ия
10
жоқ
0
9
Сер­ти­фи­кат­тал­ма­ған тех­ни­ка­лық құ­рал­дар және бағ­дар­ла­ма­лық өнім­дер­ді қол­дау
ия
10
жоқ
0
10
Нақ­ты, ша­қы­рып алын­ған және кү­ші жой­ы­л­ған сер­ти­фи­кат­тар бой­ын­ша де­ректер қор­ла­ры­на өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар­ды дер кезiн­де ен­гі­зіл­ме­ген
ия
10
жоқ
0
11
Бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету және тех­ни­ка­мен тол­ты­рыл­ма­ған­дық­тан ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­ры­ның бұ­зы­луы­на жол бе­рі­л­ге­ні
ия
10
жоқ
0
12
Ви­рус және зи­ян кел­ті­ре­тін бағ­дар­ла­ма­лар­дың бар бо­луы
ия
5
жоқ
0
13
Пай­да­ла­ну­шы­лар­дың жұ­мыс стан­ци­я­ла­ры және сер­вер­лер­де, де­ректер бе­ру кор­по­ра­тив­тік же­лі­сі жұ­мысын­да тоқ­тап қа­луы және іс­тен шы­ғуы
ия
5
жоқ
0
бағ­дар­ла­ма­лық өнім­дер­ді пай­да­ла­ну са­ла­сын­да­ғы көр­сет­кіш­тер
14
Мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық ре­сур­стар мен ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ді және олар­ға ен­гі­зі­л­ген өзге­рі­стер­ді мін­дет­ті тір­ке­лі­мі бой­ын­ша та­лап­тар­ды бұз­ба­уы
ия
20
жоқ
0
15
Бюд­жет­тік қа­ра­жат­тар есе­біне әзір­лен­ген неме­се са­тып алын­ған бағ­дар­ла­ма­лық өнім­дер мен тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­ды де­по­зи­та­рий­ға кір­гі­зу бой­ын­ша та­лап­тар­ды бұ­зуы
ия
20
жоқ
0
16
Бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету жұ­мысы іс­тен шы­ғуы­на де­ректер­ді бе­ру­де ақ­па­рат­тың жо­ға­луы
ия
20
жоқ
0
17
Бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­дің тығ­ын­да­ры және ре­сми мә­лім­дел­ме­ген мүм­кін­дік­те­рі
ия
20
жоқ
0
18
Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер, бағ­дар­ла­ма­лық өнім­дер, бағ­дар­ла­ма­лық код­тар және нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­лар­да­ғы өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар­ды де­по­зи­та­рий­де ен­гі­зі­л­ген­ді­гі
ия
10
жоқ
0
19
Бағ­дар­ла­ма­лық өнім­дер, ақ­па­рат­тық ре­сур­стар мен ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­дің нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­сын ре­сім­деу, маз­мұн­дау және жи­нақ­тығы бой­ын­ша стан­дарт­тық та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі
ия
10
жоқ
0
20
Бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету мә­лім­дел­ген та­лап­тар­ға функ­ци­о­наль­дық сәй­кес кел­ме­уі
ия
10
жоқ
0
21
Бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету са­па­сы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы стан­дарт­та­ры та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі
ия
10
жоқ
0
22
Бюд­жет­тік қа­ра­жат­тар есе­біне әзір­лен­ген неме­се са­тып алын­ған элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар, ақ­па­рат­тық жүй­е­лер және бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­дің нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­ла­ры­ның жо­ғал­туы
ия
5
жоқ
0
23
Бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ді сүй­е­мел­деу үшін нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­ны және қыз­мет­кер­лер жоқ­тығы
ия
5
жоқ
0
24
Бағ­дар­ла­ма­лық өнім­дер­дің нұс­қа­у­шы па­ке­тін жо­ғал­ту
ия
5
жоқ
0
ком­пью­тер­лiк жүйе бо­лып та­бы­ла­тын ба­қы­лау-кас­са ма­ши­на­лар ие­ле­рі, ақ­па­рат бе­ру­ші­лер­дiң, кре­дит­тiк бю­ро­лар­дың және кре­дит­тiк есеп­тер­дi алушы­лар көр­сет­кіш­те­рі
25
Сер­ти­фи­кат­тал­ған ақ­па­рат­ты крип­то­гра­фи­я­лық қор­ғау құ­рал­дар­дың жоқ­тығы
ия
20
жоқ
0
26
Қол­же­тім­ді­лі­гі шек­тел­ген бө­лім­ше және сер­вер­лік бө­лім­ше­ге та­лап­та­рын бұ­зуы
ия
20
жоқ
0
27
Рұқ­сат етіл­ме­ген қол­же­тім­ді­лі­гі­нен қор­ғау жүй­е­сі­нің жоқ­тығы
ия
20
жоқ
0
28
Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гіне сер­ти­фи­кат­тал­ма­ған тех­ни­ка­лық және бағ­дар­ла­ма­лық құ­рал­дар­ды қол­да­уы
ия
20
жоқ
0
29
Тех­ни­ка­лық ка­нал­дар бой­ын­ша ақ­па­рат­тың жой­ы­луы­нан объ­ект­ті қор­ғау жүй­е­сі­нің жоқ­тығы
ия
20
жоқ
30
Пай­да­ла­ну­шы­ның жұ­мыс ор­ны та­лап­та­рын бұ­зы­луы
ия
10
жоқ
0
31
«Са­лық ин­спек­то­ры­ның жұ­мыс ор­ны» мо­ду­лі­нің жоқ­тығы
ия
10
жоқ
0
32
Пай­да­ла­ну­шы­ны ауден­ти­фи­ка­ци­я­лау және иден­ти­фи­ка­ци­я­лау құ­рал­да­ры­ның жоқ­тығы
ия
10
жоқ
0
33
Жүй­енiң тұ­та­стығ­ы­ның тек­се­ру құ­рал­да­ры­ның жоқ­тығы
ия
10
жоқ
0
34
Ап­па­рат­тық және бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ге ли­цен­зия жоқ­тығы
ия
10
жоқ
0
35
Де­кер­тер­ді мұ­ра­ғат­тау және ре­зерв­ті кө­шiр­ме жүй­е­ле­рі­нің жоқ­тығы
ия
10
жоқ
0
36
Ре­сур­стар­ға қол жет­кі­зу­ді шек­теу бой­ын­ша ша­ра­лар қа­был­да­мауы
ия
5
жоқ
0
37
Жұ­мыс ор­ны­на пас­порт жоқ­тығы
ия
5
жоқ
0
38
Ақ­па­рат­тық үдерiстi ұй­ым­да­сты­ру ре­гла­мен­тін бел­гiлей­тiн тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­ның жоқ­тығы
ия
5
жоқ
0
39
Қол­да­ну­шы­ның жұ­мыс ор­ны­на ақ­па­рат­тық қа­уiп­сiздi­гiн қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша нұс­қа­уы­ның жоқ­тығы
ия
5
жоқ
0

2 Байланыс саласындағы тәуекелдік дәрежесінің баға критерийлері

Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі төрағасының
2010 жылғы 17 ақпандағы № 65
және Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 19 ақпандағы № 88
бірлескен бұйрығына 2-қосымшасы
Байланыс саласындағы тәуекелдік дәрежесінің баға критерийлері

1 1. Осы байланыс саласындағы тәуекелдік дәрежесінің баға критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.

2 2. Осы Критерийлер байланыс саласындағы әр түрлі тәуекелдік дәрежелеріне субъектілердің қатысуы жүзеге асырылатын негізінде тәуекелдіктердің есептік және сапалық көрсеткіштерінің жиынтығын анықтайды.

3 3. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) тәуекелдік – жеке және заңды тұлғалардың және мемлекеттің, қоғамның заңды мүдделіктеріне, оның салдар ауырлық дәрежесін ескере отырып, байланыс саласындағы субъектілер қызметінің нәтижесінде зиян келтірудің ықтималдығы, атап айтқанда:

радиожиілік спектрдің ақылы шектелген ресурстың бақылаусыз қолданылуы мемлекеттік бюджетке міндетті төлемдердің түспеуіне әкелуі мүмкін;
радиожиілік спектрді рұқсат ететін құжаттарсыз қолданылуы радиокедергілердің туындауына және оның заңды иелерімен пайдалану мүмкіндігінің болмауына әкелуі мүмкін;
АЖІІ техникалық құралдарсыз телекоммуникация желілерінде жабдықтарды пайдалану ЖІӘ органдарымен қажетті іс-шараларды өткізілу мүмкіндігі болмауына әкелуі мүмкін.

2

2) бақылау субъектісі -байланыс операторы (байланыс қызметiн көрсетуге лицензия алған жеке немесе заңды тұлға); байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер (байланыс операторлары, арнаулы, ведомстволық және корпоративті телекоммуникация желiлерiнiң, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсiне қосылатын жеке коммутациялық жабдықтың иелерi, радиожиiлiк спектрiн пайдаланушылары болып табылатын радиоэлектрондық құралдар иелерi); өндіріс мақсаттарында радиожиілік спектрін қолданылатын мемлекеттік мекемелер.

4 4. Тәуекелдік дәрежесіне бақылау субъектілерін жатқызу 2 кезеңде жүзеге асырылады:

бірінші кезең – тәуекелдік дәрежесінің объективті критерийлер негізінде;
екінші кезең – тәуекелдік дәрежесінің объективті критерийлер негізінде.

5 5. Тәуекелдік дәрежесінің объективті критерийлері:

1 1) тәуекелдік дәрежесінің жоғарғы тобына жатқызылды – мынадай байланыс қызметтерін беруге лицензиялар алған субъектілер: қалааралық, халықаралық, ұялы; сондай-ақ, жергілікті және байланыс қызметтерін беру үшін РЖС бар деректерін беру;

2

2) тәуекелдік дәрежесінің орта тобына жатқызылды – мынадай байланыс қызметтерін беруге лицензиялар алған субъектілер: деректер беру, ІР-телефония, жергілікті сымды байланыс арқылы, бөлінген байланыс желісі бойынша телекоммуникациялар, жерсеріктік жылжымалы байланыс, мобилдік телекоммуникациялық байланыс, байланыс арналарын беру, пошталық байланыс;

3 3) тәуекелдік дәрежесінің елеусіз тобына жатқызылды – өндірістік мақсаттарда радиожиілік спектрді қолданылатын шаруашылық етуші субъектілер, мемлекеттік мекемелер.

6 6. Тәуекелдік дәрежесінің субъективті баға критерийлері бөлінеді:

өрескел бұзушылыққа;
едәуір бұзушылыққа;
елеусіз бұзушылыққа.

7 7. Өрескел бұзушылыққа жатады:

1 1) тиісті лицензиясыз қосымша байланыс қызметтерін беру;

2 2) рұқсат ететін құжаттарсыз нөмірлеу ресурсы мен радиожиілік спектрін қолдану не болмаса нөмірлеу қағидасын бұзу;

3 3) телекоммуникациялық жабдықта арнайы жедел-іздестіру шаралар өткізудің техникалық құралдардың болмауы.

8 8. Едәуір бұзушылықтарға жатады:

1 1) сертификатталмаған жабдықтарды қолдану;

2 2) пайдалануға рұқсатсыз радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану;

3 3) жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылу тәртібін бұзу;

4 4) Қазақстан Республикасының аумағына РЭҚ мен ЖЖҚ кіргізу рұқсатыныңболмауы;

5 5) радиожиілік спектрді қолдануға рұқсаттың жарамдылық мерзімдерін ұзартпау;

6 6) РЭҚ тіркеуінің болмауы.

9 9. Елеусіз бұзушылыққа радиоэлектрондық құрал мен жоғары жиілікті құрылғыны пайдалануға рұқсаттың жарамдылық мерзімдерін ұзартпауы жатады.

10 10. Жоспарлы тексерістерді жүзеге асыру үшін байланыс саласындағы субъектілердің тәуекелдік дәреже топтары бойынша бөлу және дәрежесін анықтау.

11 11. Байланыс саласындағы субъектілерді тәуекелдік дәрежесі бойынша бөлу алдыңғы (өткен жылғы) тексерістердің нәтижелері бойынша талдау негізінде жүзеге асырылатын болады.

12 12. Тәуекелдік дәрежесінің елеусіз тобына кіретін реттеу субъектілері, тексеру кезеңі ішінде бір өрескел немесе екі едәуір бұзушылықтарды жасаған кезде орта тәуекелдік дәрежесіне ауысады, ал үш өрескел бұзушылық жасалған кезде – жоғары тәуекелдік дәрежесіне ауысады.

13 13. Тәуекелдік дәрежесінің орта тобына кіретін реттеу субъектілері, тексеру кезеңі ішінде бір өрескел немесе екі едәуір бұзушылықтарды жасаған кезде жоғары тәуекелдік дәрежесіне ауысады.

14 14. Соңғы жоспарлы тексеріспен бұзушылықтар айқындалмаған кезде, реттеу субъектілері тәуекелдік дәрежесінің елеусіз тобына ауысады.

15 15. Тәуекелдіктің жоғары немесе орта тобы субъектілері байланыс саласындағы заңнама нормаларының талаптарын сақтауына байланысты бір топтан басқа топқа ауысатын болады және, олардың тексеріс кезеңдігі өзгеретін болады.

16 16. Тәуекелдік дәрежесінің бірінің ішінде субъектілердің іріктелуі байланыс саласындағы уәкілеттік органмен келесі ретте жүзеге асырылады:

1 1) аса көп тексерілмеген кезең (тексерілмеген кезеңді анықтаған кезде жоспардан тыс тақырыптық тексерістер есепке алынбайды);

2 2) өткен жылдың анықталған бұзушылықтардың ауыртпалық дәрежесі;

3 3) радиоэлектрондық құралдар мөлшерлерінің аса көп болуы.

Қолданыстағы