Құжат мәтініне өту

Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектеріне әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 71 · қабылданған 25.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.01.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-51211/?version=51211_196535.kaz
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектеріне әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар жастар практикасын ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 71 ·25.02.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектеріне әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар жастар практикасын ұйымдастыру туралы

ҚАЗЖоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектеріне әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 71 · қабылданған 25.02.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектеріне әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар жастар практикасын ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектеріне әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар жастар практикасын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
71
Қабылданған күні
25.02.2010
Көрсетілген редакция
25.01.2012 · қолданыстағы 51211_196535.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
25.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10ZB000088
ЭКБ идентификаторы
51211
Редакция идентификаторы
51211_196535
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:56

0 Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектеріне

әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар жастар практикасын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 5, 7-баптарын, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңның 5-бабын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қантардағы "Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа алып, сондай-ақ тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын ұлғайту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай – Уәкілетті орган) тіркелген жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралары ретінде жастар практикасы ұйымдастырылсын.

2 2. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, уәкілетті орган жастар практикасын бағыттау үшін жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасынан жұмыссыздар санын анықтасын.

3 3. Уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектеріне жастар практикасы төңірегіндегі уақытша жұмыс орындарын ұсынуға өтініш білдірген жұмыс берушілермен (келісім бойынша) шарт жасасын.

4 4. Жастар практикасын өткізу жөніндегі іс-шаралар жергілікті бюджет қаражаты мен республиқалық бюджеттің мақсаты трансферттері есебінен жүзеге асырылады.

5 5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Д. Жұматоваға жүктелсін.