Құжат мәтініне өту

Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан Қапшағай қаласында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын аумақтарды белгілеу туралы

Қаулы · № 120 · қабылданған 05.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.11.2021 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-51231/?version=51231_548755.kaz
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан Қапшағай қаласында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын аумақтарды белгілеу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 120 ·05.02.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан Қапшағай қаласында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын аумақтарды белгілеу туралы

ҚАЗҚапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан Қапшағай қаласында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын аумақтарды белгілеу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 120 · қабылданған 05.02.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан Қапшағай қаласында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын аумақтарды белгілеу туралы
Атауы (қаз.)
Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан Қапшағай қаласында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын аумақтарды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
120
Қабылданған күні
05.02.2010
Көрсетілген редакция
25.11.2021 · қолданыстағы 51231_548755.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
25.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10DB000103
ЭКБ идентификаторы
51231
Редакция идентификаторы
51231_548755
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:07

0 Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан Қапшағай қаласында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын аумақтарды белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 1 тармағына, «Қапшағай су қоймасының жағалауын казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын аумақ ретінде белгілеу туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 223 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан Қапшағай қаласында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын келесі аумақтар белгіленсін:

1

1) бірінші аумақ – оңтүстік көліктік жолайрығынан Алматы-Талдықорған автомагистралының батыс бойымен ені 400 метр, ұзындығы 1 500 метр; «Қара-Су» сайынан ені 400 метр ұзындығы 2 000 метр солтүстік көліктік жолайрығына дейінгі; солтүстік көліктік жолайрығынан ені 200 метр, ұзындығы 1 800 метр автокөлік көпіріне дейінгі аумақтар. Одан әрі – оңтүстік көліктік жолайрығынан автомагистраль мен темір жол аралығындағы су қоймасы жағалауына дейінгі аумақ;

2

2) екінші аумақ – оңтүстік көліктік жолайрығынан темір жол мен Алматы көшесі аралығындағы автобекетке дейінгі; одан әрі - Қапшағай қаласындағы темір жол өткелінен Сейфуллин көшесі бойымен солтүстік бағыттағы, яғни Сейфуллин көшесінің шығыс жағымен ені 300 метр, ұзындығы 3000 метр «Рауан» шағынауданындағы КНС бұрылысына дейінгі аумақ. Одан әрі – су қоймасының оңтүстік-батыс жағалауы бойымен темір жол көпіріне дейінгі ( «Рауан шағынауданының, мұнай базасы және өзен порты жерлерін қоспағанда»), яғни Сейфуллин көшесінің батыс жағымен ені 300 метр, ұзындығы 3 600 метр элеваторға дейінгі аумақ;

3 3) үшінші аумақ – Алматы-Талдықорған автомагистралының автокөлік көпірінен осы магистральдың шығыс жақ бойымен Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауындағы темір жол көпіріне дейінгі, автомагистральдың батыс жағындағы Алматы-Бақанас көліктік жолайрығына дейін ені 50-ден 500 метрге дейінгі аумақ.

2 2. Қоса беріліп отырған казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын аумақтардың сызбасы бекітілсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.