Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи - выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи - выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования
- Атауы (қаз.)
- Бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектерін - жастарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 78/2
- Қабылданған күні
- 14.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2013 52572_215207.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10PM000104
- ЭКБ идентификаторы
- 52572
- Редакция идентификаторы
- 52572_215207
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:30
0 Бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектерін - жастарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 120 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 бап 1 тармақ 14) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5 бап 2), 11) тармақшаларына сәйкес халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету шараларын кеңейту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы "Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы тарнсферттері мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" № 259 қаулысын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Жастар тәжірибесі" бағдарламасын кеңейту мақсатымен бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің жас түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
2 2. Орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің жас түлектеріне Жастар тәжірибесін ұйымдастырудың Ережелері бекітілсін.
3 3. Жастар тәжірибесіне қатысушы оқу мекемелері түлектерінің еңбекақысы республикалық трансферттер есебінен төленеді.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Гүлстан Сағынтайқызы Теміржановаға жүктелсін.
6 Бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектері үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру Ережелері
Шарбақты ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 14 сәуірде
№ 78/2 қаулысымен
бекітілді
Бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің
түлектері үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру Ережелері
1 1. Жалпы жағдайлар
1
1. Бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектері үшін жастар практикасын ұйымдастыру Ережелері бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің (одан әрі – Кәсіптік білім беру мекемелері) жұмыссыз түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту, олардың практикалық машық, тәжірибе, білім алу мақсатында әзірленген. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басты бағыты және оларды жұмысқа орналастыру бойынша қосымша шара болып табылады.
2 2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" № 149 Заңына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 - ІІІ еңбек кодексіне сәйкес әзірленген.
3 3. Ереже Кәсіптік білім беру мекемелерін бітірген Шарбақты ауданының жұмыспен қамту бойынша өкілетті органында тіркеуде тұрған жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру тәртібін анықтайды (одан әрі - Өкілетті органы).
4 4. Жастар тәжірибесі меншік құрылымына қатыссыз аудан кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарында ұйымдастырылады және өткізіледі (одан әрі – Жұмыс беруші). Өкілетті органы Жұмыс берушімен шарт негізінде бірлесіп жұмыс істейді.
5 5. Өкілетті органы Кәсіптік білім беру мекемелерін бітірген жұмыссыз түлектер санын анықтайды, оларды еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды және жұмыссыз жастар құрамын ескере отырып жастар тәжірибесіне жібереді.
2
2 2. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру
6 6. Өкілетті органы есепте тұрған жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша еңбек нарығындағы жағдайды зерттеу негізінде Кәсіптік білім беру мекемелерін бітірген жұмыссыз азаматтарды жастар тәжірибесіне жұмысқа жіберілетіндердің жалпы санын анықтайды.
7 7. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру кезінде жұмыссыз жастар үшін келесі белгілер ескеріледі:
1 1) жұмыссыз азаматтардың жалпы саны – Кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектері және Өкілетті органында тіркеуде тұрған жалпы жұмыссыздардың жалпы санының үлесі;
2 2) кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектерінде оларды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін төмендететін еңбек өтілі, жұмыс істеу дағдысының болмауы.
8 8. Өкілетті органы әрі қарай даму, еңбек өнімін кеңейту және жастар тәжірибесін өткеннен кейін жұмыссыздарды уақытша немесе бос жұмыс орны болған жағдайда тұрақты жұмысқа қабылдау келешегі бар Жұмыс берушілер туралы ақпарат жинау жұмысын жүзеге асырады.
9 9. Өкілетті органы Жұмыс берушінің кадрларға мұқтаждығы туралы ақпаратты зерттеу негізінде жұмыссыз жас азаматтар – Кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектері арасынан олардың жастар тәжірибесіне қатысулары үшін үміткерлерді іріктеу жұмыстарын жүргізеді.
10 10. Үміткерлерді іріктеу кезінде келесі белгілер ескеріледі:
1 1) қатысушыларды іріктеу кезінде лайықты жұмыстың болмауы;
2 2) жастар тәжірибесіне қатысуға басымдылық құқығын еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандығы бар кәсіптік мектеп және лицейлердің түлектері иеленеді;
3 3) жастар тәжірибесіне қатысу құқығы оқу мекемесін 2010 жылы бітірген түлектерге беріледі.
11 11. Жұмыссыз азаматтардың – Кәсіптік білім беру мекемелерінің жастар тәжірибесіне қатысулары жұмыссыз есебінде тіркеуге тұрған күннен бастап кезекке қойылу тәртібімен жүргізіледі.
12
12. Жастар тәжірибесі аясында Жұмыссыз жүрген кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектеріне уақытша жұмыс орнын ұсынуға ниет білдірген жұмыс беруші Өкілетті органымен тиісті шарт жасайды. Шартта жұмысқа қабылданатын жұмыссыздар саны, жұмыс беруші жұмысқа қабылдайтын мамандықтар тізілімі, жастар тәжірибесіне қатысушыларды мамандықтарына сәйкес кәсіптік білім, білік және дағдымен қамтамасыз ету міндеттемесі қарастырылады. Шарт алты айдан кем емес мерзімге жасалады.