Қолданыстағы ред. 17.05.2010 (Редакция AI52658_0.kaz)

Аққұм ауылындағы жекелеген көшелерді қайта атау туралы от 17.05.2010 г. № 6 (Аққұм ауылындағы жекелеген көшелерді қайта атау туралы)

0

Аққұм ауылындағы жекелеген көшелерді қайта атау туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Жалағаш ауданы әкімі жанындағы консультациялық-кеңесші орган комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі N 3 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:

1

1. Аққұм ауылындағы:

1

1) Қазақстан көшесі Ералы Түменбаев атындағы көше болып;

2

2) Көксу көшесі Іскендір Доспанбетов атындағы көше болып;

3

3) Бостандық көшесі Райбек Книязов атындағы көше болып;

4

4) Достық көшесі Зинадин Лекеров атындағы көшесі болып қайта аталсын.

2

2. Ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Күзеков осы шешімді іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3

3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.