Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясының шеңберінде халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шаралары туралы
ҚАЗӨңірлік жұмыспен қамту стратегиясының шеңберінде халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шаралары туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясының шеңберінде халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шаралары туралы
- Атауы (қаз.)
- Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясының шеңберінде халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шаралары туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1643
- Қабылданған күні
- 12.05.2010
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2012 · қолданыстағы AI52771_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VN000108
- ЭКБ идентификаторы
- 52771
- Редакция идентификаторы
- AI52771_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:11
0 Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясының шеңберінде халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шаралары туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7, 18-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» № 581 Заңының 5, 8 баптарына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясының шеңберінде халықтың нысаналы топтарын (бұдан әрі - Қатысушылар) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауда:
1 1) техникалық және кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер жастар іс-тәжірибесі үлгісінде жұмысқа орналастырылсын;
2 2) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылсын.
2 2. Жұмысқа орналастыру келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:
1 1) нысаналы топтарға жататын және «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі-Бөлім) жұмыссыз ретінде тіркелген Қатысушыларды жұмысқа жолдау;
2 2) қатысушылардың олар үшін таңдау кезеңінде лайықты жұмыстың жоқ болуы;
3 3) түлектің жасы 29 жасқа дейін;
4 4) жұмыс мерзімі 6 айға дейін.
3 3. Жұмысқа орналастыру меншік нысанына қарамастан ұйымдарда (бұдан әрі - Жұмыс берушілер) Жұмыс берушілердің Бөліммен шартының негізінде ұйымдастырылып, өткізілсін.
Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, қаржыландыру мерзімі мен көздері қамтылуға тиіс.
4 4. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек жағдайы Жұмыс берушілердің және Қатысушылардың арасында жасалған еңбек шартымен анықталсын.
5 5. Қаулыда көрсетілмеген өзге де жағдайлар Жұмыс берушілердің және Қатысушылардың арасында жасалған еңбек шартында айқындалсын.
6 6. Қатысушылардың жастар іс-тәжірибесі үлгісіндегі еңбекақысы олардың жеке шоттарына қаржы аудару жолымен 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
7 7. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан қатысушылардың еңбекақы шығындары 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде республикалық бюджет есебінен жартылай өтеледі.
8 8. Нысаналы топтан әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбекақы төлемі ай сайын еңбек шартының талаптарына сәйкес және орындалатын жұмыстың күрделілігі мен мөлшеріне, сапасына байланысты жұмыс берушілердің еңбекақы төлемі қорынан жүзеге асырылады.
9 9. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу ресми ұсыныстардың негізінде кезектілік тәртібінде жүргізілсін.
10
10. 2009 жылғы 8 маусымдағы «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» № 1223 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1 шілде 2009 жылы № 5-14-85 болып тіркелген, 2009 жылы 11 шілдеде аудандық «Рауан» газетінің 28 нөмірінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.