Құжат мәтініне өту

Казталов ауданы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 92 · қабылданған 19.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 06.04.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-52773/?version=52773_199114.kaz
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Казталов ауданы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 92 ·19.04.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Казталов ауданы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру туралы

ҚАЗКазталов ауданы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 92 · қабылданған 19.04.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Казталов ауданы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Казталов ауданы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
92
Қабылданған күні
19.04.2010
Көрсетілген редакция
06.04.2012 · қолданыстағы 52773_199114.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
06.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10ZH000108
ЭКБ идентификаторы
52773
Редакция идентификаторы
52773_199114
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:23

0 Казталов ауданы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітірген түлектердің білімін, шеберлігін, дағдысын жетілдіру үшін және тәжірибе алу мақсатында, "Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай – Уәкілетті орган) тіркелген, мамандығы бойынша жұмыс өтілі болмаған жас мамандарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар ретінде, жастар практикасы ұйымдастырылсын.

2 2. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, уәкілетті орган жастар практикасын бағыттау үшін жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасынан жұмыссыздар санын анықтасын.

3 3. Уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз, жоғары оқу орындарының, коллежддерінің, кәсіптік лицейлердің түлектерімен жастар практикасы төнірегіндегі уақытша жұмыс орындарын ұсынуға өтініш білдірген жұмыс берушілер шарт жасасын.

4 4. Жастар практикасын өткізу жөніндегі іс-шаралар жергілікті бюджет қаражаты мен республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері есебінен жүзеге асырылады.

5 5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

6 6. Осы қаулыны орындау барысы аудан әкімінің орынбасары С. Молдашевқа жүктелсін.