Қолданыстағы ред. 26.04.2010 (Редакция 52815_163373.kaz)

Көшелерге атау беру туралы от 26.04.2010 г. № 26 (Көшелерге атау беру туралы)

0

Көшелерге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына 4) тармақшасына сәйкес, Қ.Тұрысбеков ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Қ.Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты:
Шардара ауылы орталығындағы атауы жоқ көшесіне Тілегенов Күзенбай атауы берілсін;
Шардара ауылы орталығындағы Сельхозхимия көшесі Тәуелсіздік көшесі деп аталсын.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Қ.Абуовке жүктелсін.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.