Қолданыстағы ред. 24.05.2010 (Редакция 52842_192907.kaz)

Қамысқала ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы от 24.05.2010 г. № 5 (Қамысқала ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы)

0

Қамысқала ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қамысқала ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Қамысқала ауылындағы "Речная" көшесі Мұхамедияр Жүнісов, "Советская" көшесі Бірлік, "Октябрьская" көшесі Бейбітшілік, "Черкашин" көшесі Достық көшесі атауларына өзгертілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Қамысқала ауылдық округ әкімі аппаратының іс жүргізу жөніндегі бас маманы Әсел Серікханқызы Қолбаеваға жүктелсін.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.