Құжат мәтініне өту

Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере товарных бирж

Бұйрық · № 16 · қабылданған 29.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-52999/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере товарных бирж Күшін жойған Бұйрық ·№ 16 ·29.04.2010
08.04.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере товарных бирж

Күшін жойған Бұйрық ·№ 16 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Критериев оценки степени рисков в сфере товарных бирж
Атауы (қаз.)
Тауар биржалары саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16
Қабылданған күні
29.04.2010
Көрсетілген редакция
08.04.2011 AI52999_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.04.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006267_
ЭКБ идентификаторы
52999
Редакция идентификаторы
AI52999_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:15

0 Тауар биржалары саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Күші жойылды - ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2011.04.08 № 96 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Тауар биржалары саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті (А.Қ. Қазыбаев):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда Вице-министрі Т.М. Сүлейменовке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

5 5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Тауар биржалары саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі
№ 16 бұйрығымен бекітілді
Тауар биржалары саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

1 1. Осы Тауар биржалары саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) «Жеке кәсіпкерлік туралы» және«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау үшін, субъектілерді жоғары, орташа не елеусіз тәуекел топтарына жатқызу үшін әзірленген.

2 2. Осы Критерийлерде тәуекел деп тауар биржалары қызметінің нәтижесінде биржалық саудаға қатысушыларға мүліктік залал келтіру ықтималдылығы түсіндіріледі.

3 3. Бастапқы кезеңде қазіргі және жаңадан құрылған тауар биржалары жоғары тәуекел тобына қосылады.

4 4. Бұдан әрі жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша тауар биржалары осы Критерийлердің қосымшасына сәйкес алған баллдың жиынтығына байланысты тәуекел дәрежелеріне бөлінеді:

30 баллға дейін – бес жылда бір рет тексеру кезеңділігімен елеусіз тәуекел дәрежесі;
30-дан 60 баллға дейін – үш жылда бір рет тексеру кезеңділігімен орташа тәуекел дәрежесі;
60 балл және одан жоғары – бір жылда бір рет тексеру кезеңділігімен жоғары тәуекел дәрежесі.

5 5. Тексеру нәтижесінде бұзушылық болмаған жағдайда тауар биржасы тәуекелдің аз дәрежесіне ауыстырылады.

1 Тәуекелдерді бағалау критерийлері

Тауар биржалары саласындағы
тәуекелдер дәрежесін бағалау
критерийлеріне қосымша
Тәуекелдерді бағалау критерийлері
№ р/с
Кри­те­рий­лер
Балл­дар
1.
Та­у­ар бир­жа­сы мү­ше­ле­рі­нің ба­стап­қы және жыл сай­ын­ғы, бир­жа мүл­кін пай­да­лан­ға­ны, сон­дай-ақ бир­жа­лық мәмі­ле­лер­ді, заң­на­ма­да тый­ым са­лын­ба­ған бас­қа тү­сім­дер­ді тір­ке­ге­ні және ре­сім­де­ге­ні үшін бе­кі­ті­л­ген тө­лем­дер мөл­шер­ле­рі­нің жоқ бо­луы
10
2.
Та­у­ар бир­жа­сы мү­ше­ле­рі­нің үш­тен кем бо­луы
10
3.
Бир­жа са­уда­сы ере­же­ле­рі­нің жоқ бо­луы
10
4.
Са­уда­ны ұй­ым­да­сты­ру және кли­ент­тер­мен жұ­мыс жүр­гі­зу бой­ын­ша құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің жоқ бо­луы
20
5.
Та­у­ар бир­жа­сы қыз­мет­кер­ле­рі­нің бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі
20
6.
Нақ­ты уа­қыт ре­жи­мін­де кли­ринг жүр­гізу­ге ар­нал­ған бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­дің жоқ бо­луы
20
7.
Та­у­ар бир­жа­сы­ның бир­жа­лық та­у­ар­лар­ға күн сай­ын­ғы бел­гі­ле­улер­ді бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да жа­ри­я­лау бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­ді орын­да­мауы
20
8.
Кли­ринг­тік ор­та­лық­тың неме­се кли­ринг­тік ор­та­лы­ғы­ның қыз­мет­те­рін пай­да­ла­ну ту­ра­лы шар­ттар­дың жоқ бо­луы
30
9.
Нақ­ты уа­қыт ре­жи­мін­де­гі бир­жа­лық са­уда-сат­тық­ты және элек­трон­ды бир­жа­лық са­уда-сат­тық­ты өт­кізу­ге ар­нал­ған бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­дің жоқ бо­луы
30
10.
Құ­пи­я­лы­лық (жа­сы­рын) ре­жи­мін, сон­дай-ақ та­у­ар бир­жа­сын­да ком­мер­ци­я­лық құ­пи­я­ны құ­рай­тын, оның ішін­де элек­трон­дық жет­кіз­гіш­тер­де­гі мә­лі­мет­тер­дің сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша қа­жет­ті құ­рал­дар­мен жа­рақ­тал­ған құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің жоқ бо­луы
30
11.
Та­у­ар бир­жа­сын­да бир­жа­лық тө­ре­лік­тің жоқ бо­луы
30
12.
Та­у­ар бир­жа­сы­ның бир­жа­лық са­уда­ны ұй­ым­да­сты­ру­мен бай­ла­ны­сты емес са­уда және өзге де қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­руы
60
13.
Та­у­ар бир­жа­сы қыз­мет­кер­ле­рі­нің бир­жа­лық мәмі­ле­лер­ге қа­ты­суы неме­се ком­мер­ци­я­лық ақ­па­рат­ты өз мүд­де­ле­ріне пай­да­ла­нуы
60
14.
Бир­жа­лық мәмі­ле­лер­дің та­у­ар бир­жа­сы­ның аты­нан және оның есе­бі­нен жа­са­луы
60

Қолданыстағы