Талғар ауданы Нұра ауылдық округінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, “Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Талғар ауданы Нұра ауылдық округінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы от 01.06.2010 г. № 32-195 (Талғар ауданы Нұра ауылдық округінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы)
1. Талғар ауданы елді мекендер жерінің құрамына елді мекендерді кеңейтуге және осыған байланысты қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес, төмендегі Нұра ауылдық округінің шекарасы (шегі) мынадай болып өзгертілсін:
Нұра ауылдық округінің Нұра ауылы елді мекенінің шекарасына барлығы 100 гектар жер аумағы енгізілсін.
2. “Талғар аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі қосылған жер учаскелеріне белгіленген тәртіппен қала құрылыс құжаттарын дайындасын.
3. “Талғар аудандық жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі қолданылып жүрген есеп құжаттамаларына өзгертулер енгізсін.
4. Осы бірлескен шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.