Қолданыстағы ред. 20.05.2010 (Редакция 53126_192695.kaz)

Қабанбай ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы от 20.05.2010 г. № 22 (Қабанбай ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы)

0

Қабанбай ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімінің негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қабанбай ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Қабанбай ауылындағы Горбатов көшесі Қорқыт ата, Партизан көшесі Тәттімбет Қазанғапұлы, Ленин көшесі Наурызбай батыр, Советская көшесі Балуан Шолақ, Интернациональная көшесі Ескелді би, Лопатин көшесі Ғакиф Хусаинов көше атауларына өзгертілсін.

2

2. Қабанбай ауылындағы Юбилейный шағын ауданы Зейнеп Қойшыбаева шағын ауданы, Восточный шағын ауданы Ербол Сыпатаев шағын аудан атауларына өзгертілсін.

3

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Қабанбай ауылдық округ әкімінің орынбасары Резеда Изатуловна Хусаиноваға жүктелсін.

4

4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.