Құжат мәтініне өту

Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы

Қаулы · № 793 · қабылданған 05.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 07.05.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-53391/?version=AI53391_1.kaz
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 793 ·05.06.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы

ҚАЗӨңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 793 · қабылданған 05.06.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
Атауы (қаз.)
Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
793
Қабылданған күні
05.06.2010
Көрсетілген редакция
07.05.2012 · қолданыстағы AI53391_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
07.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VQ000132
ЭКБ идентификаторы
53391
Редакция идентификаторы
AI53391_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:02

0 Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7, 18-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 5, 8 баптарына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарын (бұдан әрі - Қатысушылар) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар:

1 1) техникалық және кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім түлектері санынан жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру;

2 2) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жолымен қабылдансын.

2 2. Жұмысқа орналастыру келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:

1 1) нысаналы топтарға жататын және «Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) жұмыссыз ретінде тіркелген Қатысушыларды жұмысқа жолдау жүзеге асырылсын;

2 2) қатысушылардың олар үшін лайықты жұмыс таңдау кезеңінде жоқ болуы;

3 3) түлектің жасы 24 жасқа дейін;

4 4) жұмыс мерзімі 6 айға дейін.

3 3. Жұмысқа орналастыру меншік нысанына қарамастан ұйымдарда (бұдан әрі – Жұмыс берушілер) Жұмыс берушілердің Бөліммен шартының негізінде ұйымдастырылады және өткізіледі.

Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстардың түрлері, көлемдері, еңбек төлемінің мөлшері мен нақты шарттары, қаржыландыру мерзімі мен көздері көрсетіледі.

4 4. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес шарттары Жұмыс берушілердің және Қатысушылардың арасында жеке еңбек келісім - шартымен анықталады.

5 5. Қатысушылардың еңбек төлемі олардың жеке шоттарына аудару жолымен 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

6 6. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан Қатысушылардың еңбек төлеміне шығындары 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде республикалық бюджеттен жартылай өтеледі.

7 7. Нысаналы топтан әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбек төлемі ай сайын еңбек шартының талаптарына және орындалатын жұмыстың күрделілігі мен мөлшеріне, сапасына байланысты Жұмыс берушілердің еңбек төлемі қорынан жүзеге асырылады.

8 8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған Жұмыс берушілерді іріктеу ресми ұсыныстардың түсу шамасы бойынша кезек тәртібінде жүргізіледі.

9

9. Ұлан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қарашадағы № 359 «Халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-17-118 болып 2009 жылдың 7 желтоқсанында тіркелген, 2009 жылғы 18 желтоқсандағы № 59 «Ұлан таңы» аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

10 10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.

11 11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.