Қолданыстағы ред. 04.06.2010 (Редакция 53413_162878.kaz)

Тұрбат ауыл округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы от 04.06.2010 г. № 15 (Тұрбат ауыл округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы)

0

Тұрбат ауыл округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және Тұрбат ауыл округі аумағы халқының пікірін ескере келе, ШЕШЕМІН:

1

1. Тұрбат ауыл округіне қарасты:

1

1) Тұрбат елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Болашақ атауы;

2

2) Еңбек елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Жаңағасыр, Наурыз, Атамұра атаулары;

3

3) Қызылдихан елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Ақбұлақ, Береке, Көктөбе, Ырыс, Бірлік, Ынтымақ, Нұр атаулары;

4

4) Өндіріс елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Н.Байтемірұлы, Көктем, Атамекен, Бастау, С.Кенжеғұлов, А.Тұрсынқұлов, М.Сабиров атаулары берілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.