Қолданыстағы ред. 07.06.2010 (Редакция 53503_193040.kaz)

Таусамалы ауылдық округіндегі орналасқан жер теліміне Алатау ықшам ауданы атын және көшелерге жаңа атау беру туралы от 07.06.2010 г. № 06-66 (Таусамалы ауылдық округіндегі орналасқан жер теліміне Алатау ықшам ауданы атын және көшелерге жаңа атау беру туралы)

0

Таусамалы ауылдық округіндегі орналасқан жер теліміне Алатау ықшам ауданы атын және көшелерге жаңа атау беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес округ әкімі
ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Таусамалы ауылдық округі тұрғындарының өтініштерін негізге ала отырып, округке қарасты орналасқан жер теліміне «Алатау» ықшам ауданы аты берілсін.

2

2. Таусамалы ауылдық округіндегі Алатау ықшам ауданындағы жаңа көшелерге Атамекен, Арман, Арасан, Алтай, Бірлік атаулары берілсін.

3

3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзімде қалдырамын.

4

4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан он тізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.