Қолданыстағы ред. 01.01.2011 (Редакция AI54156_1.kaz)

Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы от 10.06.2010 г. № 606 (Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы)

0

Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1-тармақшасына сәйкес Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2

2. «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құру туралы» Түркістан қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 1657 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-4-21 тіркелген, 2006 жылдың 14 маусымында қалалық «Түркістан» қоғамдық-саяси газетінде ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылауды қала әкімінің орынбасары Ж.Ибрагимовке жүктеймін.

4

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.