Қолданыстағы ред. 12.08.2010 (Редакция 54312_148305.kaz)

Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінің Первомай ауылындағы кейбір көшелердің атауларын өзгерту туралы от 12.08.2010 г. № 9 (Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінің Первомай ауылындағы кейбір көшелердің атауларын өзгерту туралы)

0

Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінің Первомай ауылындағы кейбір көшелердің атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, 2010 жылғы 17 шілдедегі Қабыршақты ауылдық округі тұрғындарының жалпы жиынының хаттамасын ескеріп ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінің Первомай ауылындағы төмендегі көшелердің атаулары:
Пионер көшесі - "Шакир Сахташев атындағы көше";
Целинный көшесі - "Карим Саттаров атындағы көше" деп өзгертілсін.

2

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3

3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Қабыршақты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы М. Дильмухановқа тапсырылсын.